Жалпы ереже
Осы ережелер музейдегі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және музей аумағындағы барлық адамдармен міндетті түрде орындалуы тиіс.
Музейдің қауіпсіздігі мен келушілерге қызмет көрсету мәдениетінің сақталуына жауапты тұлғалардың жұмыс реті қолданыстағы заң және музейдің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес анықталады.
Музейге келушілерді демалыс және мереке күндерінен басқа күндері күнделікті қабылдайды.
Келушілер музей мүлкіне ұқыпты қарап, тазалықты, қоғамдық тәртіпті және осы ережелердің талаптарын орындауға міндетті.
Музей экскурсиясы – мәдени-танымдық қызметінің бір формасы, ол экскурсоводтың жетекшілігімен алдын ала белгіленген тақырып пен арнайы маршрут бойынша музей объектілерін бірлесе қарауды қамтиды.
Музей экскурсия форматында аралау студенттерге экспонаттардың құндылығы мен маңыздылығын жақсы түсінуге және бағалауға, сондай-ақ тарих пен мәдениеттің әртүрлі аспектілерімен танысуға көмектеседі.
Экскурсияның негізі - көрнекі қабылдау, музей объектілерін жанды бақылау, экспозицияны, оның бөлімдері мен оған орналастырылған жеке экспонаттарды қарастыру барысында келушілер мен студенттер музей объектілерінің астарында жатқан ақпаратпен танысады.
Музей залы бойынша экскурсиялардың түрлері:
Шолу экскурсиясы:
- Шолу экскурсиясының негізгі мақсаты – музейге алғаш рет келген келушілерді музей тарихымен және экспонаттарымен таныстыру.
- студенттер мен оқытушыларға деректі қолжазбаларға, фотосуреттерге шолу жасау, біздің ЖОО-ның алғашқы ашылу бұйрықтары туралы, оқу ғимараттарының тарихы, факультеттер бойынша жалпы мәліметтер беру.
Тақырыптық экскурсия:
- тақырыптық экскурсиялардың басты міндеті - экспозициялық материалдар арқылы белгілі бір тақырыпты, сюжетті, бейнеленген оқиғаларды немесе құбылыстарды ашу: мысалы, заттар, құжаттар, көрнекі материалдар және т. б.
- тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры, түркітанушы, педагог-Қ. Қ. Жұбанов, оның ғылыми еңбектері, өмірбаяны, шығармашылық қызметі, фотосуреттері, жеке заттары, т.б.
- біздің университетіміздің білім беру, ағарту саласында еңбек еткен, өздерінің барлық білімдері мен күштерін ғылымды дамытудың игі ісіне арнаған ардагер профессорлар мен оқытушылардың өмірі мен қызметімен таныстыру, олардың ғылыми еңбектерін, фотосуреттерін, қолжазбаларын, мақалаларын көрсету.
- "Жәдігер жерде қалмасын" акциясы аясында музейдегі тарихы экспонаттарды көрме ретінде көрсету.