Тендер өткізу туралы хабарландыру
Техникалық ерекшелік (сипаттама)
Тендерді ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері: «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
Әлия Молдағұлова даңғылы, 34
1. Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау және жобаларды таныстыру орны мен мерзімдері
Әлеуетті жалға алушылар немесе олардың тендерге қатысуға өтінім беруге уәкілеттік берілген өкілдері (сенімхат негізінде) 2026 жылғы 15 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін тендерге қатысуға өтінімдерді мөрленген конвертпен келесі мекенжайға тапсырады: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263, Университеттің әкімшілік ғимараты.
2. Тендерді өткізу күні, уақыты және орны
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және әлеуетті жалға алушылардың жобаларын қарау жөніндегі тендерлік комиссияның отырысы 2026 жылғы 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де мына мекенжайда өтеді: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263, Университеттің әкімшілік ғимараты.
3. Жалға беру объектісі туралы мәліметтер (орналасқан жері мен ауданы)

4. Мүліктік жалға берілетін объекті бойынша тендер өткізу шарттары және іріктеу критерийлері
Мүліктік жалға беру объектілерін ұсыну бойынша тендер екі кезеңде өткізіледі:
1. тендердің бірінші кезеңінде тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылады және қатысушылардың қағидалар мен тендерлік құжаттама талаптарына сәйкестігі бойынша біліктілік іріктеуі жүргізіледі;
2. тендердің екінші кезеңінде тендерлік комиссиясы екінші кезеңге жіберілген қатысушылардың ұсыныстарын бағалау және салыстыруды жүзеге асырады. Бағалау қатысушылардың тендерге қатысу өтініміне қоса ұсынылған құжаттар, сондай-ақ техникалық сипаттама талаптарына сәйкес толтырылған мәліметтер мен критерийлер негізінде жүргізіледі.
Әрбір критерийге бағалау шкаласына сәйкес белгілі бір балл саны беріледі. Бағалау нәтижелері бойынша жинақталған баллдардың қосындысы арқылы қатысушылардың қорытынды рейтингі айқындалады.
Тендер жеңімпазы ретінде тендерлік ұсыныстарды бағалау нәтижесінде ең жоғары балл жинаған қатысушы танылады.
Әлеуетті қатысушы көрсетуі тиіс критерийлер:
1) Жалға алынатын объектіні жақсарту үшін бір жылға дейінгі және одан кейінгі жыл мерзімін көрсете отырып, салымдардың болжамды сомасын көрсету (ағымдағы жөндеуді жүргізу, жабдықпен және жиһазбен жарақтандыру);
2) Қоғамдық тамақтану саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) Тағамның калькуляциясы мен бағасы көрсетілген мәзір;
4) Тағамдардың ассортименті;
5) Ыдыс-аяқтың болуы:
а) тәрелкелер - фарфор және/немесе керамика;
б) бокалдар мен шыныаяқтар - шыны және/немесе керамика;
в) ас ішуге арналған құралдар - тот баспайтын болат;
г) стақандар - шыны;
6.Әлеуметтік блок. (Демеушілік, қайырымдылық, жалға берушінің келісімі бойынша Университет студенттерін жартылай жұмыспен қамтуға жұмысқа орналастыру, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді тамақпен қамтамасыз ету, студенттердің тиісті мамандықтар бойынша практикадан өтуі).
Осы тармақтың тармақшаларында көзделген іріктеу критерийлері 5 (бес) балдық баға бойынша бағаланады.
Жеңімпаз - ең көп ұпай жинаған әлеуетті жалға алушы. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ үшін жалдау шарттарымен келіскен, техникалық сипаттама талаптары мен тендер өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін немесе олардан жоғары талаптарды ұсынған әлеуетті жалға алушының өтінімі комиссияның шешім қабылдауына негіз болады.
Егер комиссия ұпай саны тең әлеуетті жалға алушылар арасында бірнеше жеңімпазды анықтаған жағдайда, тендер жеңімпазын комиссия жасырын дауыс беру арқылы айқындайды.
Тендер қорытындысы тендерлік комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
Жалға беруші мүліктік жалдау шартын тендер қорытындыларын ресімдеген және оған қол қойған немесе тиісті хаттаманы алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жасайды және тендер жеңімпазына қол қоюға береді.
Тендер жеңімпазы шартты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өз тарапынан қол қойылған мүліктік жалдау шартын Жалға берушіге қайтаруға міндетті.
Тендер жеңімпазы тендер қорытындыларының тиісті хаттамасы қоғам белгілеген интернет-ресурстарға орналастырылған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жалға берушіге салыстыру үшін мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) жеке тұлғалар:
қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі,
кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (егер жеке тұлға кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда),
тендердің бірінші кезеңі өткізілетін күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген кәсіпкерлік субъектісі ретінде салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің үш айдан астам уақыт ішінде (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) болмауы туралы анықтама,
объектіде қызметтің нысаналы түрін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының/лицензияларының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (егер қызметтің бұл түрі міндетті лицензиялауға жататын жағдайда);
тендерге қатысу үшін тендерлік құжаттамада белгіленген өзге де құжаттар;
2) заңды тұлғалар:
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі,
- тендерге қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі,
- тендердің бірінші кезеңін өткізу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама,
- объектіде қызметтің нысаналы түрін жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының/лицензияларының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (егер қызметтің бұл түрі міндетті лицензиялауға жататын болса);
- тендерге қатысу үшін тендерлік құжаттамада белгіленген өзге де құжаттар;
3) шетелдік заңды тұлғалар:
- осы тармақшада көзделген құжаттарды Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары сияқты ұсынады.
Коммуналдық шығыстар бойынша қосымша қызметтерді (электр энергиясы, ыстық/суық су) жалға алушы есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша төлейді және жалдау ақысының сомасына кірмейді.
Мүліктік жалдау төлеміне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты шығыстар енгізілмейді.
Тендерге қатысу үшін өтінім беру кезінде жалға алушы ұсынған қосымша, сондай-ақ басқа да шарттар одан әрі орындау үшін міндетті болып табылады және шарт талаптарына кіреді.
Жалға алушыға қойылатын талаптар, техникалық сипаттама одан әрі орындау үшін міндетті болып табылады.
5. Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тендерге қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің алдыңғы жағында әлеуетті жалға алушы көрсетуі тиіс:
1) әлеуетті жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
2) осы хабарландыруда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс тендерді ұйымдастырушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
3) тендердің толық атауы, оған қатысу үшін әлеуетті жалға алушының өтінімі ұсынылады.
Хабарландыруда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкес осы тендерге қатысуға арналған өтінім беру - «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ ғимараттарындағы асхана мен буфетке арналған тұрғын емес үй-жайларды жалға алу жөніндегі тендерге әлеуетті жалға алушының қатысуға келісімін білдіру нысаны.
Мүлікті мүліктік жалдауға беру жөніндегі тендерге қатысуға өтінім 2-қосымшаға сәйкес толтырылады.
6. Қосымша ақпарат
1. Әлеуетті жалға алушылармен барлық өзара әрекеттесу тек корпоративтік пошта немесе университеттің электрондық поштасы арқылы ресми хат алмасу арқылы жүзеге асырылады: a.turbayeva@zhubanov.edu.kz.
2. Тендерлік комиссияның хатшысы тендердің екінші кезеңі (сауда-саттықты өткізу) өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді және оған тендерлік комиссия мүшелері қол қояды.
3. Тендердің қорытындылары туралы қол қойылған хаттама 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоғам белгілеген интернет - ресурстарға орналастыру үшін қоғамның тиісті департаментіне жіберіледі.
Тендерлік құжаттамаға қосымшалар:
1. Тендер өткізу туралы хабарландыру;
2. Жалдау шартының жобасы;
3. Тендерге қатысуға өтінім;
4. Техникалық ерекшелік (сипаттама);
5. Біліктілік туралы мәліметтер.