04/11/2026
Жұбанов университеті Өзбекстанмен ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтады

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Орталық Азия – білім, ғылым және инновациялардың жаңа кеңістігі» атты Халықаралық білім беру форумы өтті. Басқосу өңірдегі біртұтас білім беру және ғылыми кеңістікті дамытудың перспективаларын талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, академиялық қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді. Іс-шараға Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның білім және ғылым министрліктерінің басшылары, Қазақстан мен Қырғызстанның вице-министрлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми мекемелердің өкілдері, сондай-ақ Түркия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Ресей, Польша, Грузия, Әзербайжан, …

Ары қарай оқу
04/11/2026
GPA 3,33 және одан жоғары түлектерге арналған «Tulek» порталы іске қосылды

GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу үшін «TULEK» порталы арқылы бос жұмыс орындарына өтінім бере алады. Өтінім беру eqyzmet.gov.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.  Толық ақпарат: 8 (7132) 74-77-73

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

«Әділет» партиясының өкілдері Жұбанов университетінің студенттерімен «Bir Tolqynda» жобасы аясында кездесті. Кездесуде Жолдауда айқындалған негізгі басымдықтар талқыланып, ел дамуының маңызды бағыттары мен жастарға берілетін мүмкіндіктер туралы айтылды. Іс-шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Қазыбек Әлішев, қалалық филиалының төрағасы Анар Даржанова, университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нарқозы Қартжан және «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық қатысты. Қазыбек Әлішев өз сөзінде Жолдауда көтерілген «Халықтық құрылыс» бағдарламасына, ауыл шаруашылығын …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жұбанов университетінің білім алушысы «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері атанды

Жұбанов университетінің білім алушысы, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева «Үркер-2026» ұлттық сыйлығының иегері атанды. Астанада өткен Astana Media Week аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Мейрамгүл Рахатқызының «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты» атты мақаласы «Жылдың үздік материалы» номинациясында үздік деп танылды. Биыл байқауға 12 номинация бойынша 600-ден астам өтінім түскен. Оның ішінде «Тұмар-2026» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары 6 номинация бойынша, …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Жастар және қауіпсіз қоғам

Жұбанов университетінде «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында облыс жастарының қатысуымен «Жастар және қауіпсіз қоғам» атты кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау. Кездесу барысында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Буранбаев киберқауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, жастарға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғану жолдарын түсіндірді. Ал Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің …

Ары қарай оқу
03/11/2026
Жұбанов университетінің студенттері республикалық олимпиадада ІІ орын иеленді

2026 жылғы 2 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жошы Ұлысы – Алтын Орда және қазақ мемлекеттілігінің тарихы» тақырыбында жоғары оқу орындарының «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары арасында республикалық пәндік олимпиада өтті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына және ЕҰУ-дың 30 жылдығына арналған олимпиада төрт кезең бойынша ұйымдастырылды: бейнематериал дайындау, тест тапсырмаларын орындау, тарихи эссе жазу және командалық сұрақтарға жауап беру. Олимпиада қорытындысы бойынша Қ. Жұбанов атындағы …

Ары қарай оқу
03/11/2026
«Мемлекеттің болашағы ғылымда»: Жұбанов университетінде Жолдаудың басым бағыттары талқыланды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиынға Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Сағынғазы Құрманалин және ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс қатысты. Кездесуге университеттің және  Ақтөбе медициналық академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік саясаттың адам мүддесіне бағдарлануы, ғылымды қаржыландыру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін бағалау және энергетика саласын дамыту мәселелері көтерілді. Құрылтай депутаты Лаура …

Ары қарай оқу
03/11/2026
Жұбанов университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен білім алушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тыңдады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің алдағы даму бағдарларын айқындап, жаңа тарихи кезеңдегі басым міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, адами капиталды нығайту, білім мен ғылымның әлеуетін арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент …

Ары қарай оқу
30/10/2026
Жұбанов университетінде жасанды интеллектті қолданудың этикалық қағидаттары талқыланды

23 қазанда Жұбанов университетінде Миннесота университетінің профессоры Баскар Упадиайдың (Bhaskar Upadhyay) «Этикалық қағидаттарды сақтай отырып, жасанды интеллектіні қолдану: АҚШ білім беру ұйымдарының тәжірибесі» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Дәріске университет магистранттары, докторанттары, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Баскар Упадиай – педагогика және білім беру зерттеулері саласының маманы. Оның ғылыми қызметі оқыту әдістерін жетілдіру, білім алудағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мен білім сапасын арттыру мәселелерін қамтиды. Дәріс барысында профессор АҚШ-тың білім беру ұйымдарында …

Ары қарай оқу
30/10/2026
Жұбанов университетінде зерттеушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасы мәресіне жетті

Жұбанов университетінде Миннесота университетімен бірлесіп құрылған Zhubanov ThinkLab зерттеу құзыреттіліктерін дамыту халықаралық орталығы ұйымдастырған зерттеушілердің біліктілігін арттыру бағдарламасының қорытындылау рәсімі өтті. Бағдарлама екі кезеңнен тұрды. 15 апта бойы қатысушылар Миннесота университетінің профессорларының жетекшілігімен онлайн форматта білім алып, ғылыми зерттеу әдіснамасы, сандық және сапалық зерттеу әдістері, сондай-ақ деректерді талдау бағытындағы білімдерін жетілдірді. Қазан айында оқу бағдарламасы профессор Баскар Упадиаяның қатысуымен офлайн форматта жалғасты. Зерттеушілер өздерінің ғылыми жобалары бойынша жеке кеңестер алып, …

Ары қарай оқу
30/10/2026
Мербол Құспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Республика күніне орай Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Мемлекеттік награда иегерлерінің қатарында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Студенттік хор ұжымының жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы Қазақ камералық хорының көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Мербол Оразбекұлы Құспанов та бар. Ол Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Мербол Құспанов кәсіби дирижер әрі ұстаз ретінде …

Ары қарай оқу
30/10/2026
Университет пен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлескен жобаларды жүзеге асырады

Жұбанов университеті мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат білім беру, ғылым және тәжірибе бағыттарындағы әріптестікті дамытуға, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлауға бағытталған. Ынтымақтастық аясында бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру, сала мамандары мен сарапшылардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар студенттерге арналған ғылыми конференциялар, семинарлар, тағылымдамалар мен өндірістік практикалар өткізу қарастырылған. Серіктестіктің маңызды …

Ары қарай оқу