Жұбанов университетінің ректоры Қытай Халық Республикасы Конфуций институтының директоры Ху Гуолянмен кездесті. Кездесу барысында білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Әсіресе студент және оқытушылар алмасу бағдарламалары, бірлескен ғылыми жобалар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыру бағыттарына назар аударылды. Сонымен қатар студенттердің Қытай жоғары оқу орындарында білім алуына, ал қытайлық магистранттардың Жұбанов университетінде оқуына мүмкіндік жасалатыны айтылды. Университет түлектерінің қытайлық компанияларда тәжірибеден өтуі мен жұмысқа орналасуына …