«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Жұбанов университетінде «Қауіпсіз цифрлық орта – жауапты қоғам кепілі» атты облыстық форум өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіптерден сақтану мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз цифрлық ортаны дамытуға ықпал ету. Форумға өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Темірлан Сыдықов, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, Ақтөбе …