13/11/2026
Жұбанов университетінде түркиялық профессордың қонақ дәрісі өтті

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Эскишехир Османгази университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Ердоған Боздың қонақ дәрісі өтті. «Қазақ және түрік тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбындағы дәріс туыстас екі тілдің салыстырмалы зерттелуіне арналды. Кездесу барысында тілдердің ортақ белгілері, лексикалық және грамматикалық ерекшеліктері, сондай-ақ тарихи даму заңдылықтары сөз болды. Профессор Ердоған Боздың ғылыми зерттеу бағыттары түрік тілінің тарихын, тіл білімін, лексикографияны және тіл …

Ары қарай оқу
12/11/2026
Идеядан стартапқа дейін: университетте жасанды интеллект және кәсіпкерлік бойынша workshop өтті

Бүгін университетімізде стартап пен инновацияға қызығатын студенттерге арналған «AI for Innovation and Entrepreneurship: Turning Ideas into Startups» атты интерактивті workshop ұйымдастырылды. Шараның спикері — Dr. Muhammad Zubair (Heriot-Watt University) жасанды интеллектті бизнесте тиімді қолданудың негізгі қағидаларымен бөлісті. Өз баяндамасында ол стартап құрудағы басты қателіктерге тоқталып, «AI is an enabler — not the idea itself» (ЖИ — бұл идеяның өзі емес, оны жүзеге асырушы құрал) деген негізгі концепцияны ұсынды. Workshop барысында …

Ары қарай оқу
12/11/2026
Ақтөбеде «Digital Math – 2026» іс-шарасы өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлері күніне орай «Математика. Жасанды интеллект. Болашақ мұғалім» тақырыбында «DIGITAL MATH – 2026» форумы ұйымдастырылды. Форумның мақсаты – математика пәнін оқытуда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін тарату, педагогикалық идеялармен алмасу және болашақ мұғалімдердің цифрлық құзыреттерін дамыту. Іс-шараға университет студенттері, магистранттары мен оқытушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы мен облыстың 20-дан астам математика пәні мұғалімі қатысты. Бағдарлама аясында сарапшылар …

Ары қарай оқу
10/11/2026
IT жобалар көрмесі: болашаққа қадам

10 қараша – Цифрландыру күніне орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім алушылардың инновациялық IT жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық және технологиялық құзыреттерін дамыту, IT саласындағы әлеуетін таныту және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру. Сонымен қатар жастарды жасанды интеллект, робототехника және өзге де заманауи технологияларды меңгеруге, оларды нақты мәселелерді шешуде тиімді пайдалануға ынталандыру көзделді. Көрме барысында студенттер робототехника, заттар интернеті (IoT), жасанды интеллект және …

Ары қарай оқу
10/11/2026
Жұбанов университеті кәсіби бағдар беру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Білім беру саласындағы серіктестікті нығайту, кәсіби бағдар беру тәжірибесін жетілдіру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің өкілдері Астана қаласында өткен XV NIS Conference 2026 халықаралық конференциясында университет тәжірибесін ұсынып, білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды талқылады. Конференцияға университет атынан Қабылдау және мансапты дамыту департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев пен Қосымша білім беру департаментінің директоры Жадыра Мұзбаева қатысты. …

Ары қарай оқу
09/11/2026
Адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, полиция подполковниктері Олжас Оспанов пен Асқар Иманов, сондай-ақ «Дәріс-2016» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі Гүлнұр Идигеева қатысты. Кездесу барысында мамандар адам саудасының түрлері, …

Ары қарай оқу
09/11/2026
Студенттерге – жаңа мүмкіндік, білімге – жол! 🎓

Білімге қолжетімділікті арттыру және талантты жастарды қолдау – Жұбанов университетінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026–2027 оқу жылында университет пен әлеуметтік серіктес компаниялар білім алушыларға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер ұсынып, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Атап айтқанда, университет тарапынан 191 білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берілді. Жеңілдіктер 100%, 50%, 35%, 25% мөлшерінде, сондай-ақ 100 000–150 000 теңге көлемінде ұсынылды. Бұл – жастардың сапалы білім алуына, кәсіби әлеуетін дамытуына және …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік

Жастардың ел болашағындағы рөлі, азаматтық белсенділік және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары – университет қабырғасында өткен TED-style пікір алаңының негізгі тақырыбына айналды. 5 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кітапханасында «Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер, ортақ жауапкершілік» тақырыбында TED-style форматындағы пікір алаңы ұйымдастырылды. Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер және жас буынның ел дамуына қосатын үлесі кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жұбанов университетінде инклюзивті білім беру бойынша халықаралық бағдарлама өтті

2–6 қараша аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хериот-Уатт халықаралық кампусында профессор-оқытушылар құрамына арналған 80 сағаттық «Promoting and Sustaining Inclusive Higher Education Systems» біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті. Бағдарлама аясында кампустың 20 оқытушысы кәсіби біліктілігін арттырды. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірледі. Офлайн дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу үшін Ақтөбеге қауымдастырылған профессор Сурап Мукхопадхьяй арнайы келді. Сонымен қатар бағдарламаға Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің сарапшылары қатысты: ▪️ …

Ары қарай оқу
05/11/2026
Жұбанов университеті халықаралық әріптестік байланыстарын кеңейтуде: Хорватия елшісімен кездесу өтті

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегациямен ресми кездесу өтті. Делегация құрамында дипломат Йосип Саламунович, ORBICO компаниясының өкілі және Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Асхат Әбдірахманұлы Айтжанов болды. Кездесу барысында университет басшылығы оқу орнының институционалдық даму басымдықтарын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, білім беру бағыттарын және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларын таныстырды. Сонымен қатар мәртебелі мейман университет кампусын аралап, заманауи …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Халықаралық бәсекедегі жаңа нәтиже: Жұбанов университеті 100 позицияға көтерілді

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті QS Asia University Rankings халықаралық рейтингіндегі көрсеткішін жақсартып, 2026 жылы 678-орынға тұрақтады. Өткен жылы университет 781-орыннан көрінген болатын. Осылайша, бір жыл ішінде 100-ден астам позицияға жоғарылады. Биыл рейтингке қатысқан жоғары оқу орындарының саны да артқан. 2025 жылы рейтингке 1500 университет енсе, биыл олардың саны 1722-ге жетті. Бұл халықаралық академиялық кеңістіктегі бәсекенің күшейе түскенін көрсетеді. Бұл нәтиже – университет ұжымының жүйелі жұмысы мен ортақ мақсат …

Ары қарай оқу
04/11/2026
Экологиялық мәдениет – таза болашақтың негізі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Экологиялық тәрбие – таза болашақ кепілі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға экология саласының мамандары қатысып, студенттермен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің бас маманы, мемлекеттік экологиялық инспектор Гүлзат Нурушева жастардың табиғатты қорғау бастамаларына белсенді қатысуының маңызын атап …

Ары қарай оқу