22/10/2025
Жұбанов университетінің студенті чемпион атанды

Дәулет Төлемісов - бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының жеңімпазы!  Оның жеңісі - Ақтөбе боксындағы маңызды жетістік. Ол тарих жаңартып, өңіріміздің атын 14 жылдан кейін қайтадан жеңіс тұғырынан көрсетті.  Дәулет - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының 4-курс студенті.  Бұған дейін Дәулет сәуір айында Бразилияда өткен Әлем кубогында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасып, алтын медаль иеленді.  Спортшымыздың әрдайым биіктен көрінуіне тілектеспіз!

Ары қарай оқу
22/10/2025
Жұбанов университетінің студенті АҚШ-та өткен байқауда гран-при иеленді

“Ossi di Seppia – Guttlefish Bones ” халықаралық байқауында «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенті Альфия Усакаеваның туындысы  үздік деп танылды.  Жеңімпаздың линогравюра техникасымен жасалған айрықша картинасын қазылар құрамында болған Италияның Жаңа Зеландиядағы елшісі Кристиано Маджипинто мен Жаңа Зеландиядағы Виктория университетінің ректоры Алан Джадж  жоғары бағалады. «Бұл экслибриске Эудженио Монталенің «Ossi di Seppia» шығармасы шабыт сыйлады. Картинада бейнеленген рим цифрлары бар шиыршық тәрізді теңіз қабыршағы уақыттың шексіз қозғалысын және ішкі толғанысты …

Ары қарай оқу
21/10/2025
Зерттеушілерге арналған заманауи стратегиялар

Анадолу университетінің профессоры, доктор Семра Гюнай өткізген “Leaving an Academic Legacy: From Project Proposal to Publication Strategies in Prestigious Journals” атты ғылыми-әдістемелік семинар жас зерттеушілер үшін ерекше тәжірибе алаңына айналды. Семинар барысында профессор ғылыми жобаны идеядан халықаралық басылымға дейін жеткізудің толық циклін көрсетті: — жоба тұжырымдамасын қалыптастыру; — тиімді ұсыныс жазу қағидалары; — мақаланы беделді журналға дайындау және жариялау кезеңдері; — ғылыми этика мен рецензиялау үдерісіне дайындық. Тәжірибелі ғалымның айтуынша, …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Heriot-Watt University студенттері – жергілікті мектептердің мақтанышы

Heriot-Watt University Ақтөбе кампусына биылғы оқу жылында түскен студенттердің қатарында шетелден келген жастармен бірге өңіріміздегі мектептердің үздік түлектері де бар. Халықаралық деңгейдегі білім ордасын таңдаған талапкерлер өз салаларында ағылшын тілінде білім алып, оқу аяқталған соң Heriot-Watt және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қос дипломына ие болмақ. Осыған орай университет өкілдері білімді шәкірттерді тәрбиелеген қаладағы бірқатар мектептерге арнайы барып, мектеп директорларына ректордың алғыс және құттықтау хаттарын табыстады. Мектеп басшылары өз …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Кәсіби бағдар берудің жаңа мүмкіндіктері: мектеп пен университет арасындағы байланыс

16 қазан күні Ақтөбе облысының кәсіби бағдар мамандарының кездесуі өтті.  Іс-шараның мақсаты – облыстағы кәсіби бағдар беруші мамандардың тәжірибе алмасуына, жаңа әдістемелер мен психологиялық тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасау, оқушыларды болашақ мамандықты саналы және мақсатты таңдауға бағыттау жүйесін жетілдіру, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Кездесу барысында қатысушыларға кәсіби бағдар берудің заманауи тәсілдері таныстырылып, сарапшылар практикалық кеңестерін бөлісті.  Сонымен қатар, Heriot-Watt University кампусы ұсынатын білім беру мүмкіндіктері бойынша ақпарат беріліп, инженерлік …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Жұбанов университетінің 90 жылдығына арналған пошталық марка айналымға енгізілді

2025 жылдың 17 қазанында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған пошталық марка ресми түрде айналымға енгізілді. Жаңа пошталық марка — еліміздің жоғары білім беру саласындағы тарихы терең, іргелі оқу орнының мәртебесін айшықтайтын ерекше мәдени нышан. Марка дизайнында университеттің бас ғимараты мен эмблемасы бейнеленіп, білім ордасының дәстүрі мен заманауи келбеті көрініс тапқан. Марка «Қазпошта» акционерлік қоғамы тарапынан әзірленіп, Қазақстанның барлық өңірлерінде қолданысқа енгізілді. Бұл бастама — университеттің …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Түркі тілдес елдерді біріктірген көрме

«Шектеусіз шабыт» халықаралық көрмесі аясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің жас дизайнерлері мен шығармашылық мамандары Жұбанов университетіне келді. Көрме барысында қатысушылар графикалық дизайн, сәулет, өнер және заманауи технологиялар бағыттарындағы өз жобаларын ұсынды. Олардың қатарында арт-объектілер, фотожұмыстар, 3D-модельдер, сондай-ақ VR/AR және цифрлық өнерге арналған интерактивті аймақтар бар. «Біз түркі елдерінің ортақ мәдениетін жоғалтпауымыз керек. Осындай халықаралық жобалар жалғасын табу үшін жастарымызға шабыт беріп, қолдау керек. Бұл жолда Жұбанов университетімен бірнеше жылдан …

Ары қарай оқу
17/10/2025
Оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған викторина өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен Ұлттық құрылтай отырысында: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген болатын. Осы бағытта жүзеге асып жатқан «100 кітап» жобасы аясында Жұбанов университетінде студенттер мен оқырмандар арасында викторина ойыны ұйымдастырылды. Қатысушылар “100 кітап” тізіміне енген әдеби шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімін сынап, шағын сыйлықтарға ие болды. Шара жастардың кітап оқуға деген …

Ары қарай оқу
16/10/2025
Адалдық - академиялық мәдениеттің өзегі

14 қазан күні сыбайлас-жемқорлыққа қарсы комплаенс кеңсесінің қызметкерлері жаратылыстану факультеті және физика-математика факультетінің 1-курс студенттерімен  кездесу өткізді.  Іс-шараның мақсаты – сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылар арасында академиялық адалдық пен этикалық нормаларды насихаттау. Кездесу барысында комплаенс кеңсесінің жетекшісі Дархан Мусюров студенттерге академиялық адалдық қағидаттары, этикалық кодекстің талаптары және университетте қолайлы, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы туралы айтты. Сонымен қатар, харассмент пен буллинг жағдайларына бейжай қарамауға, мұндай және өзге де күмәнді …

Ары қарай оқу
15/10/2025
Білім беру гранттарының иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі “2024-2025 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы”  №468 бұйрығы негізінде қайта тағайындалған мемлекеттетік грант иегерлері анықталды.  Босаған білім беру гранттарына Жұбанов университетінен бакалавриат деңгейі бойынша 48 студент және 3 магистрант  ие болды.  Грант иегерлерін құттықтаймыз!

Ары қарай оқу
15/10/2025
Қоқыс кәдеге жарады

Экобелсенділер жасарып келеді. Олай дейтін себебіміз Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің 100-ге жуық студенті «Қалдықсыз шығармашылық» арт-инсталляция көрмесіне туындыларын ұсынды. Бұл арқылы олар тұрмыстық қалдықтарды шығармашылық көзқараспен қайта өңдеп, табиғатты қорғаудың маңызын өнер арқылы көрсетті. Сайт: http://aktobetv.kz

Ары қарай оқу
13/10/2025
Ғылымдағы шекарасыз байланыс: түркиялық профессордың дәрісі

Жұбанов университетінде Түркияның Балыкесир университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Американдық математика қауымдастығының мүшесі Даниял Исрафилзаде студенттер мен оқытушыларға дәріс оқыды. Ғалым “Функцияның аппроксимациялық теориясы” тақырыбында баяндама жасап, күрделі функциялық есептерді шешудің заманауи тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар профессор университет оқытушыларымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Даниял Исрафилзаде мен Жұбанов университетінің доценті Хасен Отаровтың бірлескен мақаласы Q2 санатындағы Azerbaijan Journal of Mathematics журналында жарияланып, халықаралық деңгейдегі ғылыми серіктестіктің нақты нәтижесін көрсетті. Мұндай …

Ары қарай оқу