Университетте «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында университет әкімшілігінің өкілдері, зерттеушілері, оқытушылары және психологиялық қауіпсіздік саласының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – қауіпсіз орта қалыптастыру, гендерлік теңдікті ілгерілету және адам құқықтарын қорғау мәселелеріне академиялық қауымдастықтың назарын аудару. Қатысушылар қауіпсіздік мәселелеріне айрықша мән берудің, әлеуметтік жәрдем қажет ететін тұлғаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Қоғамда түрлі сын-қатерлердің артуына байланысты өзара қолдау мәдениетін нығайту, …