28/09/2026
Шетелдік ғалым шеберлік сабағын өткізді

Ланкастер университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессоры John G. Hardy жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамына «Biocompatibility, Toxicology, and Host–Material Testing» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағының негізгі мақсаты – профессор-оқытушыларды биоматериалдардың биологиялық үйлесімділігі мен токсикологиялық қауіпсіздігін бағалаудың заманауи ғылыми әдістерімен таныстыру, ағза мен материал арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін зерттеу тәсілдерін түсіндіру және эксперименттік зерттеу нәтижелерін ғылыми тұрғыдан интерпретациялау дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында биоматериалдардың тірі ағзаға әсер ету ерекшеліктері, оларды медициналық және биотехнологиялық …

Ары қарай оқу
28/09/2026
Халықаралық тәжірибе білім беру үдерісінде

Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы шеңберінде Малайзиядан профессор дәріс өткізуде. 2026 жылғы 20 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Сұлтан Идрис атындағы Білім беру университетінің профессоры, PhD Мохаммед Хасан бин Абдулла университетте академиялық және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Шетелдік ғалым «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне дәрістер оқып, профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасады. Профессор Мохаммед Хасан бин Абдулланың ғылыми-зерттеу бағыттары білім беру сапасын арттыруға, …

Ары қарай оқу
28/09/2026
Lancaster university ғалымы Жұбанов университетінде

Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында жаратылыстану факультетінің "Биология" кафедрасына Lancaster университетінің PhD, қауымдастырылған профессоры John G. Hardy шақырылды. John G. Hardy – материалдар химиясы, биоматериалдар және биомедициналық инженерия салаларында зерттеу жүргізетін британдық ғалым.  Ғалымның зерттеу жұмыстары химия, биология, медицина, фармация және инженерия салаларын тоғыстыра отырып, жаңа буын «ақылды» биоматериалдарын әзірлеуге бағытталған. Мұндай материалдарды болашақта дәрілік заттарды мақсатты түрде жеткізу, жүйке жүйесін зерттеу, зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру, сондай-ақ диагностика …

Ары қарай оқу
18/09/2026
Шетелдік ғалым ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесімен бөлісті

Жұбанов университетінде ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласының PhD докторы, доцент Эва Рейдтің қатысуымен бірқатар академиялық іс-шаралар өтті.  Словакиялық ғалым «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына дәрістер мен практикалық семинарлар өткізді.  Сабақтар барысында ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі, CEFR қағидаттары, коммуникативтік, әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық құзыреттер, аудиторияны басқару және педагогтің кәсіби рөлдері қамтылды. Модельдік сабақтар форматында ұйымдастырылған кездесулер студенттерге тиімді оқыту әдістерін пікірталас, симуляция, рөлдік ойын және …

Ары қарай оқу
18/09/2026
Жұбанов университетінде шетелдік ғалымдар дәріс оқуда

Жұбанов университетіне шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Сербиядан Марко Петрович пен Түркиядан профессор Семра Гюнай келіп, тарих және география факультетінің «География және туризм» кафедрасындағы білім беру үдерісіне қатысуда. Шетелдік ғалымдар 2026 жылғы 14–27 қыркүйек аралығында «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттеріне дәріс оқып, ғылыми-зерттеу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Марко Петрович - Сербия Ғылым және өнер академиясының «Йован Цвийич» география институтының Әлеуметтік география бөлімінің бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ АҚШ-тағы Висконсин университетінің құрметті …

Ары қарай оқу
11/09/2026
Халықаралық академиялық ынтымақтастық

Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов Fulbright халықаралық бағдарламасының қатысушысы Кристина Уэстбрукпен кездесті. Fulbright – Америка Құрама Штаттары Үкіметінің академиялық және мәдени алмасуды, халықаралық ынтымақтастықты және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытуға бағытталған ірі халықаралық білім беру бағдарламаларының бірі. Бағдарлама әлемнің 160-тан астам елінде жүзеге асырылады. Аталған бағдарламаның English Teaching Assistant (ETA) бағыты бойынша қатысушысы Кристина Уэстбрук университетте студенттермен және профессор-оқытушылар құрамымен өзара іс-қимыл орнатып, ағылшын тілі сабақтарына қатысады. …

Ары қарай оқу