17/12/2025
Ақтөбеде халықаралық университеттермен бірлескен білім және ғылым жобалары талқыланды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Heriot-Watt University ректоры Ричард Уильямс және Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасованы қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі білім және ғылым салаларын дамыту, халықаралық тәжірибе алмасу және университеттердің стратегиялық дамуы мәселелері қаралды. Өңір басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы Ақтөбеде жұмысын бастаған Ұлыбританияның жетекші техникалық университеті Heriot-Watt University халықаралық кампусының құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатқанын …

Ары қарай оқу
17/12/2025
Heriot-Watt University: жаңа оқу-зертханалық корпустың ескерткіш тақтасы ашылды

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Ұлыбританияның жетекші техникалық университеті Heriot-Watt University халықаралық кампусы ашылды. Қазіргі таңда университеттің негізгі оқу-зертханалық корпусының құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бүгін Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік аясында оқу-зертханалық корпустың салтанатты тақтасын ашу рәсімі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Heriot-Watt University вице-канцлері Ричард Уильямс, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің басқарма төрағасы - …

Ары қарай оқу
15/12/2025
Ақтөбеде Миннесота университетімен бірлескен Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы ашылды

Бүгін, 15 желтоқсан күні, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Миннесота университетінің бірлескен бастамасымен Қазақстанда алғаш рет «Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы» салтанатты түрде ашылды. Аталған орталық ғылыми мәдениетті дамытуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған заманауи зерттеу алаңы ретінде қызмет ететін болады. Орталықтың негізгі миссиясы – ғылыммен айналысатын барлық деңгейдегі зерттеушілерге, студенттерден бастап профессорлық-оқытушылық құрамға дейін, кешенді қолдау көрсететін тұрақты зерттеу экожүйесін қалыптастыру. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім …

Ары қарай оқу
12/12/2025
Білім беру және ғылыми тәжірибеге негізделген серіктестік

Жұбанов университеті мен Орал қаласындағы OQU SCHOOL білім беру ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Жаңа серіктестік өңірлер арасындағы білім беру интеграциясын нығайтып, мектеп оқушылары мен университет білім алушыларының оқу, зерттеу және тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған. Серіктестік профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілердің жетекшілігімен бірлескен ғылыми жобалар және шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыруға, жаратылыстану-математика бағытында білім алушылардың  OQU SCHOOL базасында кәсіби тәжірибеден өтуіне,  университет кампусында мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар және кәсіби …

Ары қарай оқу
12/12/2025
Жұбанов университеті Petroleum Experts (Petex) компаниясынан маңызды бағдарламалық жасақтама сыйға алды

Мұнай-газ кен орындарын оңтайландыруға арналған озық инженерлік бағдарламаларымен халықаралық деңгейде танылған Эдинбургте орналасқан Petroleum Experts Limited (Petex) компаниясы Жұбанов университетіне IPM бағдарламалық кешеніне арналған білім беру лицензияларын тегін сыйға тартты. Сыйға берілген бағдарламалардың жалпы коммерциялық құны £2,662,347.63 (1 788 000 000 теңге) құрайды. Пакетке толық IPM Suite бағдарламалары — PROSPER, GAP, PVTP, MBAL, REVEAL және RESOLVE лицензиялары кіреді. Бұл құралдар ұңғыма моделдеу, кен орнын талдау және өндіруді оңтайландыру бағыттарында дүниежүзілік …

Ары қарай оқу
11/12/2025
Шығармашылық сала қызметкерлерінің кәсіби әлеуеті көтерілді

Мәдени-тынығу саласының қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсының қатысушыларына сертификаттар табысталды. Аталған курсты Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Кәсіби-шығармашылық факультеті мен «Zhiger» – Үздіксіз білім беру инновация орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Оқыту бағдарламасы мәдениет үйі, концерттік орталықтар және шығармашылық саласында қызмет атқаратын мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Курс мазмұны тұлғаның бос уақытын ұйымдастыру барысында рухани-адамгершілік құндылықтарын, эмоционалдық-эстетикалық және зияткерлік әлеуетін дамыту қажеттілігіне негізделген. Курс 13 қазан мен 2 …

Ары қарай оқу