06/02/2026
Жұбанов университеті мен Миннесота университеті бірлескен зерттеу орталығын іске қосты

Жұбанов университеті мен АҚШ-тың Миннесота университеті (University of Minnesota) арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жоба – Халықаралық зерттеу құзыреттіліктерін дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – елімізде барлық деңгейдегі зерттеушілерді қамтитын және қолдайтын орнықты ғылыми экожүйе қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің институционалдық негіздерін күшейту. Курсқа қатысушылар Жұбанов университеті мен Миннесота университеті тарапынан іріктелді, бұл бағдарламаның академиялық сапасы мен мазмұнына қойылатын жоғары талаптарды көрсетеді. Курс барысында заманауи …

Ары қарай оқу
03/02/2026
Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары

Университетте елімізде жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын, Мемлекет басшысы ұсынған жаңа бастамалардың институционалдық негіздерін талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына университеттің басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен құрылымдық бөлім өкілдері қатысты. Жиын барысында Конституциялық реформалардың негізгі аспектілері және қоғамдық диалогты институционалдандыру тетіктері мен оларды іске асырудағы академиялық қауымдастықтың рөлі талқыланды.  Сараптамалық баяндамалар мен пікірталастар аясында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, реформалардың тиімді жүзеге асырылуына ғылыми …

Ары қарай оқу
23/01/2026
Жасыл кампус: өңделген қалдықтар көрмесі

Университет жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен қоғам игілігі үшін қызмет ететін саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды әлеуметтік институт ретінде өз миссиясын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және …

Ары қарай оқу
21/01/2026
Жасампаз жастардың жеңісі

Инфрақұрылымды дамыту және жайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған студенттік жобалар байқауында университет білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті.  Байқау әкімдік ұсынған аумақтардағы бос жатқан учаскелерді абаттандыру және қатысушылар өз еркімен таңдаған қолданыстағы қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағыттары бойынша ұйымдастырылды.  Қатысушылар ұсынған жобаларды Ақтөбе қаласының танымал сәулетшілерінен құралған сарапшылар тобы кәсіби тұрғыда бағалап, жобалардың қаланың сәулеттік және әлеуметтік даму талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударды. Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған студенттер қаржылай сыйақылармен …

Ары қарай оқу
21/01/2026
Жұбанов университетінде Қазан ҰЗТУ ғалымы дәріс өткізуде

2026 жылдың 19 – 31 қаңтар аралығында  Жұбанов университетінің жаратылыстану факультетіне Қазан Ұлттық зерттеу технологиялық университеті Полимерлер институты Синтетикалық каучук технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Әбдірақым Нақып Мұратұлы жұмыс сапарымен келіп, дәріс өткізуде.   Жұмыс сапарының алғашқы күні ғалым университеттің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры Р.А. Бекназаровпен кездесіп, алдағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, академиялық ұтқырлық және білім беру саласындағы ынтымақтастық бағыттары бойынша жоспарларды талқылады. Сапар аясында Әбдірақым Мұратұлы алғашқы …

Ары қарай оқу
14/01/2026
2026 жылға арналған мақсаттар мен міндеттер талқыланды

Бүгінгі аппарат жиынында 2026 жылға арналған негізгі бағыттар мен міндеттер талқыланды. Күн тәртібінде жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми экожүйені дамыту, цифрландыру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Шараға басқарма мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысты. Жиында білім беру бағдарламаларын кәсіби стандарттарға сәйкестендіру, халықаралық серіктестікті нығайту, студенттік инфрақұрылымды жақсарту, ғылыми жобаларды коммерциализациялау және инфрақұрылымды жаңарту, жасанды интеллект бағытындағы «AI-Sana» бағдарламасын енгізуді жалғастыру міндеттері қаралды. Сондай-ақ …

Ары қарай оқу