3-4 желтоқсан күндері Халықаралық ASIIN агенттігінің сарапшылары физика-математика факультетінің 10 оқу бағдарламасын аккредитациялау мақсатында сыртқы бағалау жүргізді. Сараптама барысында оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және білім беру сапасына жан-жақты талдау жүргізіліп, физика және математика білім беру бағдарламалары жеке кластер ретінде қарастырылды. Әр кластер құрамында Германияның Фехта және Лейбниц университеттері, Регенсбург қолданбалы ғылымдар университеті, Кобленц қолданбалы ғылымдар университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ақтөбе қаласындағы …