Жұбанов университетінде мультимедиялық лингафон кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Ақтөбедегі ҚХР Бас консулдығының бірінші басшысы Го Юй, Шаньси провинциясы Люйлян қаласының «Jiu jiu Aixin» қоғамдық қауымдастығының төрағасы Чжан Аньцай бастаған делегация қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова Жұбанов университетінің Қытай жоғары оқу орындарымен әріптестігі жылдан жылға түрлі бағытта жаңа деңгейге толығып отырғанын атап өтті. Әсіресе, Конфуций институтымен байланыс терең екенін, осы әріптестіктің нәтижесінде оқу орнында студенттерге қытай тілін үйрету курстары …