«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған «Цифрлық Таза Қазақстан» форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық сана қалыптастыру, табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту, сондай-ақ қоғамдық тазалықты сақтаудың маңызын кеңінен түсіндіру. Форумға Ақтөбе қаласының орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушыларға «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, экологиялық бастамаларды цифрлық шешімдер арқылы қолдау жолдары талқыланды. Сондай-ақ, форум қатысушыларына экологиялық мәдениетті дамытуға …