Жұбанов университетінің ғалымдары Атырау қаласындағы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС филиалына іссапармен барып, мекеменің заманауи инфрақұрылымы мен зертханалық мүмкіндіктерімен танысты. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы жобалар талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Жұбанов университетінің доценті, т.ғ.к. Риза Оразбекова бірлескен ғылыми жұмыстар бойынша жаңа бағыттарды ұсынды. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Ғылыми-зерттеу, технологиялық және жобалау бөлімінің басшысы Нариман Сарсенбеков зертханалық мүмкіндіктерді таныстырып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізді. Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, алдағы уақытта бірлескен …