26/02/2025
Жұбанов университетінде «Таза қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форум өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Таза Қазақстан: Қоқыссыз болашаққа қадам» атты өңірлік экологиялық форум өтті. Ақтөбе облысы жастары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық ағартушылық жұмыстарын дамыту және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында өткен жиынға экология саласының сарапшылары, ғалымдар, мұғалімдер, мемлекеттік органдар, жастар ұйымдары өкілдері мен еріктілер қатысты. Форумның негізгі тақырыбы жастар арасында экологиялық таза әдеттерді қалыптастыру және табиғатты қорғау мақсатындағы тәжірибелер мен бастамаларды қолдауға арналды. Спикерлер «Жыл волонтері …

Ары қарай оқу
20/02/2025
Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классика түрі бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген мықты ойыншылар 10 күн бойы тартысты ойын көрсетіп, өзара мықтыны анықтады. Бүгін Жұбанов университетінде чемпионаттың жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Әйелдер арасында классика түрі бойынша алтын медаль Абай облысы командасының ойыншысы Аяна Исаханға бұйырды. Күміс медальді Астана қаласы командасының ойыншысы Гүлнар Базаралиева иеленсе, қола медальді Қызылорда облысы командасының ойыншысы Ұлдана Махамбеталин …

Ары қарай оқу
17/02/2025
Жұбанов университетінде қысқы қабылдау түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті

Бүгін Жұбанов университетінде 2023 жылғы қысқы қабылдау кезеңінің алғашқы түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шарада ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім бағдарламаларын сәтті аяқтаған 49 магистрант магистр дәрежесін алып, жоғары білім жолындағы маңызды кезеңді еңсерді. Университет ректоры Лаура Қарабасова түлектерді құттықтап, магистрлер мен докторларға диплом табыстау өте ерекше рәсім болып табылатынын атап өтті.  "Бұл – Жұбанов университетінің тарихындағы ерекше сәт. Сіздер – қысқы қабылдау кезеңінің алғашқы түлектерісіздер. Бұл сіздерге ерекше мәртебе жүктейді. …

Ары қарай оқу
17/02/2025
Менталды денсаулықтың құпияларына арналған шеберлік сабағы өтті

«Жан саулығы» апталығы аясында менталды денсаулықты сақтауға арналған шеберлік сабағы өтті. Сабақтың спикері өзін-өзі қорғау бойынша жаттықтырушы әрі Academy boxing club клубының жетекшісі Айнұр Когай студенттерге менталды денсаулықты нығайту жолдары туралы айтып, тыңдаушыларға «Mindfulness» техникасының тиімділігін түсіндірді. Шеберлік сабағында қатысушылар өз эмоцияларымен жұмыс істеп, қазіргі сәтке толықтай назар аударуды үйренді. Айнұр Когай күнделікті өмірде стрессті жеңу және менталды тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, эмоцияларды бақылаудың әдістерін көрсетіп өтті. Сонымен қатар ол …

Ары қарай оқу
17/02/2025
Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапханада букроссинг шарасы өтті

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Жұбанов университетінің кітапханасында ерекше букроссинг шарасы ұйымдастырылды. Бұл күні оқырман қауым кітапхананың қолжетімді кітап қорынан өздеріне ұнаған кітапты таңдап алып, орнына басқа бір кітап қалдыру мүмкіндігіне ие болды. Букроссинг шарасы кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін дамыту мақсатында өтті. Бұл бастама оқу мен білім алуға деген ынтаны күшейтіп, әркімнің өзіне жаңа білім мен қызықты әдебиет табуға мүмкіндік берді. Сонымен …

Ары қарай оқу
17/02/2025
Есірткіге қарсы күрес: студенттерге ақпараттық кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Жұбанов университетінің филология факультетінде Полиция департаменті өкілі және нарколог дәрігермен кездесу өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Мақсат Мандыбай мен Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі, нарколог дәрігер Сакен Алманиязов қатысты. Спикерлер студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны, оның физикалық және психологиялық тәуелділікке әкелетін қаупі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, есірткі қылмысына қатысты заңнамалық талаптар мен құқықтық жауапкершілік мәселелері …

Ары қарай оқу