Бүгін Жұбанов университетінде «Күміс университет» жобасының ашылу салтанаты өтті. Биыл бұл жобаға 170 тыңдаушы тіркеліп, қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Өткен жылы аталмыш жоба аясында 90-нан астам күміс жастағы қатысушылар түрлі курстарда тегін білім алған болатын. Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген академиялық мәселелер жөніндегі проректор Людмила Мясникова университетте 2021 жылы «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасы аясында іске қосылған «Күміс университет» жобасы әлеуметтік тұрғыда маңызды әрі сәтті жүзеге асқан бастама екенін …