13/02/2025
«Заң және тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Бүгін Жұбанов университетінде өткен «Заң және тәртіп» тақырыбындағы кездесу жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болды. Шараға университет білім алушыларымен қатар онлайн форматта колледж студенттері мен мектеп оқушылары да қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға «Закладка» деректі фильмі көрсетіліп, құқықтық тәртіп пен заңға құрметтің маңызы туралы айтылды. Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Гилим Абзал жастарға заң мен тәртіптің қоғам үшін маңыздылығын түсіндіріп, заңды сақтау арқылы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға болатынын …

Ары қарай оқу
12/02/2025
Анна Гниденко университет қызметкерлеріне ішкі ресурстарды тиімді басқарудың әдістерін ұсынды

Жұбанов университетінде «Денсаулық және салауаттылық» орталығының жетекшісі Анна Гниденко қызметкерлерге «Ресурстық жағдай: энергия мен мотивацияны қалай сақтауға болады» тақырыбында тренинг өткізді. Бұл шара оқу орнының қызметкерлерінің кәсіби және жеке өмірінде маңызды рөл атқаратын энергия мен мотивацияны тиімді басқаруға бағытталды. Тренинг барысында Анна Гниденко қатысушыларға ресурстық жағдайдың маңыздылығын түсіндіріп, тұлғалық өсу мен кәсіби жетістіктерге жету үшін қажетті ішкі ресурстарды сақтау әдістері мен тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, стресстік жағдайлармен жұмыс істеу, энергия …

Ары қарай оқу
12/02/2025
Тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Жұбанов университетінде тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классикадан жекелей Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылу салтанаты өтті.  Чемпионаттың ашылу салтанатына университет ректоры Лаура Қарабасова, Ақтөбе облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы әрі ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Даулет Абдикаримов, облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жанар Сагизбаева және спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Бақтығали Шокаев қатысты. Университет ректоры Лаура Қарабасова өзінің құттықтау сөзінде тоғызқұмалақ ойынының ұлттық мәдениетіміздегі …

Ары қарай оқу
12/02/2025
Республикалық фестивальде Жұбанов университетінің студенттері үздік жобаларын таныстырды

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды іс-шара — «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтті. Бұл фестиваль Қазақстандағы кәсіби білім мен өндіріс саласын дамытуға үлкен үлес қосып, жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Республикалық фестивальде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факультеті студенттерінен құралған «Oil Angels» командасы ерекше жетістікке жетіп, бірінші орынға ие болды.  Команда жетекшісі «Мұнай-газ ісі» кафедрасының доценті Жадырасын Сарқұлова фестиваль …

Ары қарай оқу
11/02/2025
Белгілі психолог қызметкерлерге шеберлік сабағын өткізді

«Жан саулығы» апталығы аясында белгілі психолог Гүлмари Кобейсинова менторларға «Қарым-қатынас құрудағы жан саулығының әсері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағы қызметкерлерге қарым-қатынас құрудың маңыздылығын және жан саулығының өзара байланысын түсіндіруге арналды. Психолог практикалық сабақтар мен талқылаулар өткізіп, қатысушыларды түрлі жағдайлар мен тақырыптарға арналған кейстерді талқылауға тартты. Кейстерді талқылау барысында менторлар нақты өмірде кездесетін жағдайдан мысалдар келтіріп, психологиялық тұрғыдан дұрыс шешімдер іздеді. Бұл кезең оларға қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, эмоциялық интеллектілерін дамытуға …

Ары қарай оқу
10/02/2025
Аймақтық Модельді біріккен ұлттар ұйымы конференциясы

9 ақпан күні Жұбанов университетінде AKXMUN — Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтөбе Model United Nations клубы және ZHMUN — Жұбанов университетінің MUN клубы бірлесіп Аймақтық Модельді біріккен ұлттар ұйымы конференциясын өткізді.  Бұл шараға Ақтөбе қаласының мектептері мен жоғары оқу орындарынан 106 делегат қатысты. Қатысушылар арасында Назарбаев зияткерлік мектебі Ақтөбе филиалы, Ақтөбе лицейі, Smart Bilim,№125 мектеп, School QazGUU, Білім-Инновация лицейі, Жұбанов университеті, Хериот-Уотт университетінің Ақтөбе кампусы, №45 мектеп, №72 мектеп, AIS Aqbobek, …

Ары қарай оқу