Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті. Шараға Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, академик, Ұлттық құрылтай мүшесі Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиев қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – Жолдауда айқындалған басым бағыттарды талқылау және білім беру саласында адам капиталын дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру болды. Академик Кәрімбек Құрманәлиев өз сөзінде елдің тұрақты дамуы ең алдымен сапалы білім мен ғылымға байланысты екенін атап …