Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Күміс университет» жобасының кезекті оқу маусымы басталды. Жоба 50 жастан асқан азаматтарға арналған және өмір бойы білім алу принципін жүзеге асыруға бағытталған. 2026 жылы «Күміс университет» жобасына 50 жастан асқан 120 тыңдаушы тіркелді. Қатысушылардың орташа жасы – 66 жас, ал жоба аясындағы ең ересек тыңдаушы 79 жаста. Бұл көрсеткіштер жобаның қоғам тарапынан жоғары сұранысқа ие екенін және егде жастағы азаматтардың білім алуға деген қызығушылығының артып …