24/09/2026
Білім мен бизнес: ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «ПО Глобал Спецодежда» ЖШС арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Жаңа серіктестік білім беру мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен жобаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мен олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Меморандум тараптардың өзара іс-қимылын одан әрі кеңейтіп, бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға негіз болмақ. Ғылым, білім және кәсіпкерлік салаларының …

Ары қарай оқу
22/09/2026
Әділетті қоғамның негізі - азаматтық жауапкершілік

Жұбанов университетінде «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз: Жаңа Конституция – азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық келісімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында әділетті қоғам құндылықтары, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік және қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай, университеттің ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы Эльвира Абдуллина, Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Үмбетхан Сарсембин және …

Ары қарай оқу
22/09/2026
Интернеттегі қауіпсіздік: алаяқтықтан сақтану жолдары

Жұбанов университетінде «Заң мен тәртіп» идеялогиясы аясында «Интернеттегі сақтық – сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі» тақырыбында TEDx форматында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және цифрлық ортада сақтық шараларын сақтау жөнінде ақпарат беру. Кездесуге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, интернеттегі қауіпсіздік, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және цифрлық кеңістіктегі құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті ақпараттармен бөлісті. Сонымен …

Ары қарай оқу
18/09/2026
ChatGPT Edu платформасының жоғары білім берудегі мүмкіндіктері талқыланды

Жұбанов университетінде жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында ChatGPT компаниясының өкілі Нұржан Әбдіразақов университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне ChatGPT Edu платформасының жоғары білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, заманауи жасанды интеллект құралдарын білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне кіріктірудің перспективаларын таныстырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні оқу үдерісіне тиімді әрі жауапты енгізу, оқытушылар мен зерттеушілердің күнделікті жұмысын жеңілдететін …

Ары қарай оқу
17/09/2026
Құқықтық сауаттылық — қауіпсіздік кепілі

Жұбанов университетінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында 1курс студенттерімен бірнеше күн қатарынан профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері қатысып, жастарға құқықтық сауаттылық пен жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің басты мақсаты — студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз орта құру және заңға деген құрметін арттыру. Іс-шаралар барысында студенттерге киберқылмыстың, есірткі қылмыстарының алдын алу, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың профилактикасы және жеке қауіпсіздік мәселелері туралы маңызды …

Ары қарай оқу
17/09/2026
Отбасы – бақыт мекені

15 қыркүйек – Отбасы күніне орай білім алушылардың әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық тәрбие институтының маңызын насихаттау және қоғамдағы өзара жауапкершілік қағидаттарын нығайту мақсатында тағылымдық кездесу ұйымдастырылды. Білім алушылар бір шаңырақ астына әртүрлі өмірлік жағдайлар мен тағдыр жолдарымен келген балаларды тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасымен жүздесті. Бұл отбасыда қазіргі таңда 28 бала ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, біртұтас отбасының мүшесіне айналған. Кездесу барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселелері …

Ары қарай оқу