20/03/2026
Ақтөбеде HealTech 2026 Expo көрмесі өтті

Қ. Жұбанов атындағы АӨУ Студенттер сарайында Heriot-Watt University Ақтөбе кампусы студенттері өздерінің Health Companion жобаларын ұсынды. Компьютерлік инженерия бағдарламасының студенттері 16 командаға бөлініп, 16 стартап жоба әзірледі. Әр команда өзін нағыз компания ретінде көрсетіп,  денсаулығында кінәраты бар адамдарға өз жағдайын үнемі бақылауда ұстауға көмектесетін қосымша жасады. Нәтижесінде тек идея емес, нақты өмірде қолдануға болатын 16 түрлі шешім ұсынылды. Бұл тек бағдарламалау туралы емес. Студенттер жүйе архитектурасын, дизайнын, инженерлік шешімдер, бизнес-моделін …

Ары қарай оқу
16/03/2026
Референдум нәтижесі: ғылыми және қоғамдық көзқарас

Университетте референдум нәтижесі мен жаңа Конституцияның стратегиялық бағыттарын талқылауға бағытталған ғылыми кеңес өтті. Жиынға Ақтөбе облысының ғылыми қауымдастық өкілдері мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар қатысты.  Ректор Лаура Қарабасова мемлекет тарапынан ғылым мен білім саласына көрсетіліп отырған жүйелі қолдау жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейтуге және инновациялық жобаларды тиімді іске асыруға кең мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.  Аталған қолдаудың нәтижесінде университетте ғылыми инфрақұрылым жаңғыртылып, халықаралық ынтымақтастық аясында …

Ары қарай оқу
10/03/2026
Профессор Гүлбану Ізбасароваға академик Н.Базанова атындағы марапат табысталды

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Ізбасарова Гүлбану Болатқызы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған отандық әйел-ғалымдарға арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапатқа ие болды.  Академик Нәйлә Базанова атындағы марапат – жоғары ғылыми нәтижелерге қол жеткізген, маңызды жаңалықтар ашқан және қолданбалы зерттеулердің дамуына елеулі үлес қосқан әйел-ғалымдарды ынталандыруға, олардың жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған  құрмет белгісі. Биыл бұл марапат 66 зерттеуші әйел-ғалымға табыс етілді.  Гүлбану Болатқызы – 150-ден астам оқу-әдістемелік және …

Ары қарай оқу
10/03/2026
Ақтөбедегі Heriot-Watt кампусының студенті «Шапағат» медалімен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлығына сәйкес «Шапағат» медалімен Жұбанов университетінің базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының 3 курс студенті Кадын Аида Витальевна марапатталды. Аида Витальевна – «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында жұмыс істейтін «Сөйле» тілдесу клубының қазақ тілі бойынша жетекшісі. Ол мемлекеттік тілді насихаттауға және тіл үйренуге ниетті азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған еріктілік бастамаларға белсенді қатысып келеді. «Шапағат» медалі азаматтарға белсенді әрі …

Ары қарай оқу
02/03/2026
Ғылыми нәтижелер талданып, жаңа міндеттер айқындалды

Университетте ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиында 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы және 2026 жылға арналған басым бағыттар қаралды. Ғылыми жобалардың тиімділігі, жарияланым белсенділігі, халықаралық ынтымақтастық және жас ғалымдарды қолдау тетіктері кеңінен талқыланды.  2025 жылы қорытындысы бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын 37 гранттық жоба жүзеге асырылды. Халықаралық Scopus және Web of Science ғылыми басылымдар базасында университет ғалымдары тарапынан 235 мақала жарияланды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Ұлттық зияткерлік меншік институтынан …

Ары қарай оқу
02/03/2026
Білім. Мамандық. Болашақ: кәсіби бағдар берушілер форумы

Жұбанов университетінде кәсіби бағдар берушілерге арналған республикалық форум өтті. Шара аясында кәсіби бағдар беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы сабақтастықты күшейту, еңбек нарығы сұранысына сай мамандар даярлау, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану бағытында ұсыныстар айтылды.  Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев мамандық таңдаудың маңызы мен шекті балдар туралы тың ақпарат бөлісті.  ҰТО ресми серіктесі, IT жобалаушы, педагог Айдос Жұманазар жасанды интеллект дәуірінде кәсіби бағдар …

Ары қарай оқу