17/11/2025
Жұбанов университетінің студенттері «Tomiris» жобасына қатысты

Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінің студенттері Әлфия Ешмұхан мен Гауһар Исмагулова “AMANAT” партиясы жанындағы Әйелдер қанаты және Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған “Tomiris” жобасына қатысып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін танытты. Олар іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Астанада өткен республикалық финалға жолдама алды. Финалда студенттер өз жобаларын қорғап, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, 2025 жылдың 3–5 қараша аралығында өткен “Әйелдердің саяси көшбасшылығы” атты арнайы оқыту курсын табысты аяқтады. Аталған бағдарлама …

Ары қарай оқу
13/11/2025
Ардагерлер кеңесі: дәстүр мен даму сабақтастығы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ардагерлер кеңесінің мәжілісі өтті. Жайшылық Сартабановтың төрағалығымен өткен кездесуде ректор Лаура Қарабасова жаңа оқу жылындағы басым бағыттар, «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы тәрбиелік шаралар мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Жиында білім алушылардың жұмысқа орналасуы, еңбек нарығына бейім мамандар даярлау, оқу ғимараттарын жаңарту, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті дамыту және халықаралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Ардагерлер жастарды ғылымға баулу, ұстаздық дәстүрді сақтау және тәлімгерлік жүйесін жандандыру жөнінде …

Ары қарай оқу
12/11/2025
Жел энергиясы – болашақтың қуаты: Plenitude Kazakhstan басшысы Жұбанов университетінде қонақ дәріс өткізді

Бүгін Ақтөбеде Plenitude Kazakhstan компаниясының бас директоры Федерико Пульезе (Federico Pugliese) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Heriot-Watt университеті кампусында қонақ дәріс өткізді. Дәріс «Plenitude Kazakhstan компаниясының жаңартылатын энергия көздері саласындағы тәжірибесі» тақырыбына арналды. Кездесу барысында спикер «Electrical Power Engineering» білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттерге жел электр станциясының толық жұмыс циклі мен техникалық процестері туралы жан-жақты түсіндірді. Ақтөбе облысының Қарғалы және Хромтау аудандарында орналасқан Бадамша-1 және Бадамша-2 жел электр …

Ары қарай оқу
10/11/2025
Интеллектуалды ұлттың негізі - білімге бағытталған инвестиция

Білімді және талантты жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылған “Qazaq Republic” компаниясының стипендиялық бағдарламасы аясында 8 білім алушыға шәкіртақы тағайындалды. Іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен стипендия иегерлері – академиялық үлгерімі жоғары, ақпараттық технологиялар, медицина және педагогика бағыттарында білім алып жүрген студенттер. “Qazaq Republic” компаниясының қолдауына ие болған білім алушыларға шәкіртақы 2025–2026 оқу жылы бойы төленеді. Бағдарлама жастардың кәсіби дамуын қолдауға, сондай-ақ білім мен еңбекті жоғары бағалау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ары қарай оқу
10/11/2025
Саз бен сөздің үндескен сәті

Университетте талантты студенттерді қолдау және шығармашылық әлеуетін дамыту, рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында сазды поэзия кеші ұйымдастырылды. “Біз екеуміз…” атты музыкалық-поэтикалық шараға өңірге танымал қаламгер қонақтар, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты. Кеш барысында жас ақындар өз өлеңдерін оқып, музыкалық шығармаларды орындады. Кештің мазмұны поэзия мен музыканың үйлесімін көрсетіп, көрермендердің айрықша назарын аударды.  Шара соңында сөз алған қонақтар мұндай мәдени жобалардың жастардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға және рухани дамуына оң әсер ететінін …

Ары қарай оқу
07/11/2025
Ғылым мен адамгершілік жолындағы жарқын із

Университетте білікті маман, тәлімгер, марқұм Ерболат Аблазиұлы Дүзмағанбетовті еске алуға арналған «Жақсының жарығы өшпейді» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Іс-шараға университет басшылығы, әріптестері, шәкірттері мен замандастары қатысты. Шара барысында қатысушылар Ерболат Аблазиұлының өмір жолына, ғылым мен білім саласындағы еңбегіне тоқталып, оның адамгершілік болмысын, кәсіби біліктілігін және жастар тәрбиесіндегі үлесін ерекше атап өтті. Ерболат Дүзмағанбетов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, қазақ тілі кафедрасының …

Ары қарай оқу