Қабылдау және мансаптық даму департаменті
Қабылдау және мансаптық даму департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің негізгі жұмысы — кәсіптік бағдар беру, талапкерлерді қабылдау, кәсіптік практиканы ұйымдастыру, түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу.

Жұмағазиев Әміре Халиұлы
Математика бойынша философия докторы (PhD), доцент
azhumagaziyev@zhubanov.edu.kz
Негізгі қызмет бағыттары: Практика және жұмысқа орналастыру бойынша
ПРАКТИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Практиканың барлық түрлері бойынша құжаттаманы жүргізу және есептік деректерді дайындау
Факультеттермен бірлесіп студенттерге арналған практика орындарын ұйымдастыру және үйлестіру
Практиканы ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша бұйрық жобаларын дайындау
Практиканың барысын ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және нәтижелерін есепке алу
Практика бойынша кіріспе және қорытынды конференциялардың жұмысына қатысу
Компанияға сәйкес студенттерді практикаға алғашқы іріктеу
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
Факультеттермен бірлесіп жұмыс беруші компаниялар мен жұмыс орындарын іздеу
Бөлу бойынша құжаттардың рәсімделуін бақылау (бөлу комиссиясының хаттамалары, жеке бөлу тізімдері)
Түлектердің дайындық сапасына қанағаттануын анықтау мақсатында жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізу және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
Түлектерді бөлуді ұйымдастыру және өткізу
Еңбек нарығы/жұмысқа орналастыру туралы ақпаратты жинау және ұсыну мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен, колледждермен ынтымақтастық
Ішкі департаменттер мен сыртқы ұйымдардың сұрауы бойынша жұмысқа орналастыру туралы есептер дайындау
СТУДЕНТТЕРГЕ МАНСАПТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
Практика және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша студенттерге/түлектерге күнделікті кеңес беру
Студенттер мен түлектерге түйіндеме (резюме) құрастыруға көмек көрсету
Мансаптық іс-шараларды өткізу: мансап күндері, шеберлік сыныптары, компаниялардың презентациялары, дөңгелек үстелдер және Университет студенттері мен түлектеріне арналған басқа да іс-шаралар
Сұхбатқа дайындалуға көмек көрсету
АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДАМУ
Сайтты тұрақты қолдау / ақпаратты жаңарту
ҚМДД дамыту бойынша жаңа ұсыныстарды әзірлеуге қатысу
Қызметкерлер







