Олар келесі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алады:
- ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына
- ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына
- аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына
- орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына