БАСТЫ БЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ > ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

Оқу және ғылыми қызмет


Кафедра оқытушылары филология факультетінің студенттерін кәсіптік-бағдарланған оқыту мәселелерімен, көркем мәтінді талдаудың, салыстырмалы әдебиеттанудың, функционалдық стилистиканың, когнитивистиканың, этнолингвистиканың және тіл білімі мен әдебиеттанудың басқа да салаларының өзекті мәселелерімен айналысады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы мәселелер бойынша монографиялар, оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар дайындады және басып шығарды, соның ішінде:
Әдістемелік семинарлар 

    Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Zhubanov University жанындағы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың өңірлік орталығында (РО РҚАО), "Университет-мектеп" ғылыми-педагогикалық орталығында (ҰҒО) және университеттің тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинарлары арқылы оқыту процесінде инновациялық педагогикалық технологияларды меңгереді.
    Кафедра дәстүрлі түрде орыс тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық технологияларды қолдануды кеңейту және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру мақсатында халықаралық, өңірлік және республикалық әдістемелік семинарлар өткізеді. 
Соның ішінде: Черноризец Храбрый атындағы Варна еркін университетімен (Болгария)  бірлесіп «Қазіргі білім беру үдерісіндегі көптілді тұлға» атты халықаралық семинар (наурыз 2017 ж.), «Қоғамдық сананы жаңғырту» дөңгелек үстелі (маусым 2017 ж.), «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалауды іске асыру тәжірибесі» өңірлік әдістемелік семинары (қараша 2017 ж.),  2017 жылдың желтоқсан айында  кафедра ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.В.Адорованың 90 жылдығына, 2018 жылдың желтоқсан айында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.Е.Терекованың 70 жылдығына орай «Филология: кеше, бүгін, ертең» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-семинар өткізіліп, материалдар жинақтары шығарылды.


                                                                                                  

                              «Жаһандық контекстегі мәдениетаралық коммуникация: тіл, әдебиет және оқыту әдістемесі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (сәуір 2018 ж.)
    2020 жылдың 30 қазанында «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалауды енгізу тәжірибесі» атты оқу-әдістемелік онлайн семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында, оның ішінде онлайн режимінде, білім алушыларды оқыту және критериалды бағалаудың ерекшеліктері мен тиімді әдістерін анықтау, ЖОО оқытушылары мен жалпы орта білім беретін мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, сонымен қатар филолог студенттерді педагогикалық тәжірибеге дайындау.
    2022 жылдың 4 қарашасында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары» атты оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – орыс тілі мен әдебиетін оқытудың ерекшеліктерін және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын анықтау, кафедра оқытушылары және негізгі орта мектеп пен мектеп-филиал мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, дуальды оқыту жағдайында филолог студенттерді педагогикалық практикаға дайындау. 
    Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы дәстүрлі түрде «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы бақылау нысаны» атты оқу коворкингін өткізеді. Коворкинг мақсаты – педагогтардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастырудың түбегейлі жаңа түрін ұсыну, білім беру кеңістігін құру, ЖОО оқытушылары мен жалпы білім беретін мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында оқу процесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ филолог студенттерді педагогикалық практикаға дайындау. Коворкинг жұмысына кафедра оқытушылары мен мектеп-филиалдардың мұғалімдері қатысты.

                                                                                      
    Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен филология факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бақылау нысаны» атты білім беру коворкингі. Ғылыми-әдістемелік ай шеңберінде ұйымдастырылған іс-шара студенттерге әдістемелік көмек көрсетуге, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың білімін бақылау және бағалау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, мектептерде критериалды бағалау нәтижелерін оны одан әрі жетілдіру үшін бірлесіп талқылауға бағытталған. Білім беру коворкингі өз жұмысын тақырып бойынша мәселелерді талқылаумен, сертификаттар табыстаумен, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс сөздермен аяқтады.
    2021 жылдың 9 сәуірінде Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы «Көпмәдениетті кеңістіктегі тіл және әдебиет: проблемалар, идеялар, даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, өткізді. Конференцияға Иран, Түркия, Қытай, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан, Астана мен Алматы қалаларынан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ғалымдар, біздің қала университеттеріңің профессор-оқытушылар құрамы, облыс зиялы қауымы, БАҚ өкілдері, докторанттар, аспиранттар, магистранттар қатысты.
                                                                                        

                                     «Көпмәдениетті кеңістіктегі тіл және әдебиет: проблемалар, идеялар, даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (сәуір 2021 ж.)
    2023 жылдың 17 сәуірінде мектеп және ЖОО оқыту тәжірибесінде цифрлық білім беру құралдарын пайдаланудың ерекшеліктерін ашу, қатысушыларды тест тапсырмаларын және интерактивті жаттығулар әзірлеуге үйрету мақсатында «Мектеп және ЖОО мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекеті» атты воркшоп (workshop) өткізілді.  

                                                                                            
    2024 жылдың 23 сәуірінде кафедра «Қазіргі қоғамдағы адамгершілікті дамытудағы мәдениеттің, тілдің, әдебиеттің және өнердің өзара әрекеттесуі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді, оған Ресей, Польша, Өзбекстан және Башқұртстан ғалымдары қатысты. Пленарлық отырыс  ф.ғ.д., п.ғ.д., Ресей Федерациясының жоғары кәсіби білім берудің құрметті қызметкері, «Сочи мемлекеттік университеті» ФМБЖББМ (Сочи қ., РФ) роман-герман және орыс филологиясы кафедрасының профессоры Александра Анатольевна Ворожбитованың «Сөйлеу әрекетінің этикасы мен эстетикасы: лингвориторика синергетикасындағы «Мәдениет – Тіл – Әдебиет – Өнер» континуумы» баяндамасымен ашылды. Пленарлық отырыс ф.ғ.д., Варминск-Мазурск университетінің Журналистика және әлеуметтік коммуникация институтының (Ольштын қ., Польша) профессоры Александр Константинович Киклевичтің «Әлеуметтік маркетинг идеяларды алға жылжыту құралы ретінде» баяндамасымен жалғасты.      

                                                                                            
                             «Қазіргі қоғамдағы адамгершілікті дамытудағы мәдениеттің, тілдің, әдебиеттің және өнердің өзара әрекеттесуі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (сәуір 2024 ж.)

        

  2023 жылдың 29 қыркүйегінде болашақ мамандарды тәжірибеге бағыттап даярлау және мектеп пен жоо арасында тәжірибе алмасу аясында Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы No21 мамандандырылған гимназияда Қ.Жұбанов атындағы АӨУ орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының филиалы ашылды. Құрамында филология факультетінің деканы Ертілеуова Б.Б., PhD, орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі Абдуллина Н.У. және п.ғ.к., кафедра доценті Халимуллина Н.Р., деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірбаев А.С., сонымен қатар «6В01704- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» БМ 4 курс студенттері бар университет делегациясын мектеп директоры Тойшыманова М.Қ., мектеп гимназиясының мұғалімдері Махамбетова Н.К., Кунақбаева К.М. және т.б. жылы қабылдап, бірлескен жұмыс идеясына қолдау білдірді. 
Филиалдың негізгі міндеттері – оқу процесін нақты өндіріске барынша жақындату негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау сапасын арттыру, практикаға бағытталған дуальды оқытуды жүзеге асыру, бірлескен оқу-әдістемелік семинарлар мен коворкингтер өткізу, мамандандыруды ескере отырып, МОП әзірлеу және талқылау, сонымен қатар білім алушыларды қатыстырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

                                                                                                  
    20.04.2024 «Ғылым айлығы» аясында орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценттері Куздыбаева А.А. мен Унгарбаева Г.И. 1 және 2 курс магистранттарына «Мектеп оқушыларының ғылыми жұмысын ұйымдастыру» атты мастер-класс өткізді. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың заманауи талаптарын ұсыну; ғылыми ынтымақтастықты орнату, бір жағынан кафедраның ғалымдары, оқытушылары мен магистранттары, екінші жағынан мұғалімдер мен мектеп оқушылары арасында өзара тиімді ғылыми-зерттеу қызметінің жолдарын қарастыру.
                                                                                                  
   2024 жылдың қазан айында орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы ұйымдастырған «Пушкин апталығының» барысында мектеп оқушылары мен Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері А.С.Пушкин поэзиясының әлеміне еніп кетті. А.С.Пушкиннің 225-жылдығын атап өту күзге жоспарланған болатын, себебі күз ақынның шығармашылығында ерекше орын алған еді. Болдино күзі ерекше жемісті болды, өйткені 1830 жылы А.С. Пушкиннің Болдиноға келуі бірқатар шығармалар циклы бойынша жұмыстың бастамасы болды. Аптаның әр күні белгілі бір жұмыс түрімен ерекшеленді: апта ішінде қала мен облыс мектептерінде А.С.Пушкиннің шығармаларын мәнерлеп оқу өткізілді, оқушылар мен студентер №3 Студенттер үйінің кинозалында ақынның шығармалары бойынша кинофильмдерді тамашалап, постер-цитаталар жасап, түрлі байқауларға, викториналарға, поэзия кештеріне қатысты.
10.10.2024 филология факультетінің оқытушылары мен «6В01701 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6В01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» ББ студенттері А.С.Пушкин поэзиясының әлеміне еніп кетті.  Аға оқытушы, магистр Т.В.Коробкова мен «6В01701 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6В01704 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» ББ 3 курс студенттері ұйымдастырған «Әдеби қонақжай» барлық қатысушылар мен көрермендерді поэтикалық көңіл-күй, шабыт пен ерекше рахатқа бөледі. Аға оқытушы Ж.Қ.Ерғалиеваның шебер қолымен жасалған күзгі пейзаж атмосферасында қонақтар мен көрермендер тамаша күз мезгілімен, П.И.Чайковский сазды шығармаларымен, А.С.Пушкин поэзиясының ғажайып әлемімен қауышты.

                                                                                                                   

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары. 
Кафедра ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстары лингвистика, әдебиеттану, тіл және әдебиет тарихы мен теориясы, фольклористика, көркем әдебиет поэтикасы, салыстырмалы әдебиеттану мен әдеби байланыстар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, жоғары оқу орны және мектепте білім беру реформасының түрлі аспектілері бойынша жүргізіліп келеді.

Кафедраның ғылыми мектептері/бағыттары:

Ғылыми мектеп

Зерттеу аймағы

Зерттеу тақырыбы

Тіл білімі

Әлеуметтік лингвистика

Ақтөбе облысының этнолингвистикалық және

тілдік жағдайы.

Орыс тілі мен әдебиетін интерактивті оқытудың өзекті мәселелері

Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

Оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін кәсіптік білім беру сапасын арттыру құралы ретінде қолдану.
 

Мәтін және дискурс теориясы
 

Тіл білімі
 

Мәтінді лингвостилистикалық талдау

Орыс тілін шет тілі ретінде оқу

Орыс тілі шет тілі ретінде

Шетел аудиториясында орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи әдістері

Қазіргі әдебиеттанудағы компаративистика

мәселелері

Әдебиет теориясы мен әлемдік әдеби процестің тарихы

«Орыс әдебиеті поэтикасы және салыстырмалы әдебиеттану»

Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ПОҚ жыл сайын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған гранттық конкурстарға қатысады. Жүзеге асырылудағы ғылыми-инновациялық жобалар тақырыптары:
1.    П.ғ.к., доцент Исламғалиева В.Ж. Садирова К.К. жетекшілік ететін жұмыс тобының құрамында. «Ономастикалық дискурс: мифологиялық аспект» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің «Педагогикалық білімді жаңғырту» жобасының жұмыс тобына қатысады, 2021-2022 жж Nazarbayev University, Хаме қолданбалы ғылымдар университеті (HAMК), Финляндия.
2.    П.ғ.д., профессор Құрманова Б.Ж. 2020-2022 жж. «Ақтөбе облысының этнолингвистикалық және лингвистикалық жағдайы» жобасының жетекшісі.
3.    Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдары жұмыс тобының құрамында ф.ғ.к., доцент Идрисова Э.Т «Қазақ риторикасының ғылыми тұжырымдамасы: риторикалық идеал, сәйкестілік, дәлелдеу және сөйлеу тәжірибесі» жобасын жүзеге асыру үстінде (2022 -2024 жж).

Соңғы бес жылда кафедраның ғылыми арсеналында: 11 монография, 8 оқулық, 3 оқу құралы, 1 ЖОО-ішілік жоба, 1 ҚР БжҒМ жобасы, 13 нөлдік емес импакт-факторы бар  журналдарда  жарияланым, 4 авторлық куәлік.

 

Кафедраның ғылыми жетістіктері көрмесінде
Кафедраның ПОҚ өз зерттеулерінің нәтижелерін дайындауда, келесі авторлық куәліктер алынды:
1.    Жұбановтар мультимедиялық энциклопедиясы (Құрманова Б.Ж., п.ғ.д., профессор, 23.02.2019 ж.)
2.    Қазіргі орыс тілінің стилистикасы (Куздыбаева А.А., п.ғ.к., доцент, 27.02.2020 ж.)
3.    Шетелдік студенттердің орыс тілінде сөйлеуіндегі фонетикалық интерференция (Исламғалиева В.Ж., п.ғ.к., доцент, 22.04.2020 ж.)
4.    Орыс тілін деңгейлік оқыту: ЖОО-дағы жұмыс ерекшеліктері (Исламғалиева В.Ж., п.ғ.к., доцент, 18.05.2021 ж.)
 

Халықаралық ынтымақтастық

         Ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапалы және жылдам дамуы оның халықаралық байланыстарының кеңдігі мен алуан түрлілігіне негіз болды. Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Н Гумилев атындағы Еуразия университеті, А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті., Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, МГИМО, РҒА Шығыстану институты, П. Ершов атындағы Есіл МПИ, Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ.), РҒА УНЦ Тарих, тіл және әдебиет институты (Уфа қ., Ресей), М.Ақмолда атындағы БМПУ (Уфа қ., Ресей), Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ., Ресей), Орал мемлекеттік педагогикалық университеті (Екатеринбург қ., Ресей), Орынбор мемлекеттік университетімен (Орынбор қ., Ресей) ынтымақтастықта. 2024 жылы Ресей әлеуметтік-гуманитарлық университетімен (Мәскеу қ., Ресей) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында филология ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Людмила Владимировна Балахонская кафедраның  ББ 4 курс студенттеріне арналған «Қоғаммен байланыс» және «Жарнама мәтінін жазу теориясы мен практикасы» пәндері бойынша сабақтар өткізді. 
       
                           Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің доценті Балахонская Л.В. «Коммерциялық номинация мәселелері» атты мастер-класс өткізу сәті.
 

 Оқытушылар мен студенттер Алтай мемлекеттік университетінің (Барнаул қ.) профессоры А.И.Куляпинмен 

    Бірнеше жылдан бері кафедра Беларусь мемлекеттік экономикалық университетімен жасалған Өзара түсіністік меморандумы аясында жемісті ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. 1933 жылы негізі қаланған Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті (БМЭУ) елдегі жетекші жоғары оқу орны болып табылады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті арасындағы ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға әзірленген жұмыс бағдарламасына сәйкес бірлескен ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылып, бірлескен ғылыми мақалалар жарияланып, өзара дипломдық жобалар мен оқу-әдістемелік құралдарды рецензиялау жүргізіледі. ТМД елдерімен «Орыс тілі ТМД елдерінің білім беру кеңістігінде: өзара түсіністік үшін мәдениет» атты дәстүрге айналған халықаралық телекоммуникациялық жобаны өткізу барысында қазіргі тіл білімі, әдебиеттану және лингводидактика мәселелері талқыланады.

                                                                                                      

  Жобаның негізгі идеясы ТМД елдерімен сындарлы байланыстарды қалпына келтіруге және посткеңестік аумақта ортақ білім беру мен гуманитарлық кеңістікті сақтауға назар аудару болып табылады. Халықаралық телекоммуникациялық жоба өзінің басым қызметінде ақпараттық-бағдарлы жоба болып табылады, бастапқыда объект немесе құбылыс туралы ақпарат жинауға бағытталған және жобаның басқа қатысушыларын жиналған және жүйеленген материалмен таныстыруды қамтиды. «Өзара түсіністік үшін мәдениет» жобасының мақсаттары: жобаға қатысушы елдердің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру, ортақ білім кеңістігін сақтау, ТМД елдері арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. 
    2024 жылдың 15 мамырында «Өзара түсіністік үшін мәдениет» телекоммуникациялық жобасының қатысушыларымен өткізілген дәстүрлі 13-ші бейнеконференциясында «Менің халқымның фольклоры» тақырыбындағы жобалар талқыланды. Профессор Б.Ж.Құрманова мен доцент Г.И.Унгарбаеваның жетекшілігімен факультетіміздің магистранттары мен студенттері қызықты жобалар дайындады. ОТОМОТмӘ 1 курс магистранттары Ақмалай Д. мен Зинуллаева М. «Қазтуған жырау поэзиясындағы шешендік дәстүр», ОТОМОТмӘ 2 курс студенттері Бекетаева А. мен Өтегенова А. «Қазақтың салт-дәстүрлік және тұрмыстық поэзиясы» жобаларын ұсынды. Ал, студент А.Темірбекова «Адай» күйін орындап, ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен барша қатысушыларды тамсандырды.
    Мәскеу университеттерінің тілдік емес мамандықтар студенттерінің бейнероликтері мен жүргізген сауалнамалары қызығушылық тудырды. Белорус студенттер «Белорус фольклорының бейнелерін ұғынуға дүниетанымның әсері» тақырыбында қызықты жоба ұсынды. Айта кететін жайт, жобаның тұрақты кураторы п.ғ.к. Малашенко Е.А.

Академиялық ұтқырлық
    Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы білім алушылардың шығыс және кіріс академиялық ұтқырлығы бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама студенттер мен магистранттарға бір академиялық кезең ішінде басқа университетте (отандық немесе шетелдік) оқу мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда барлық орындалған кредиттер мен алынған бағалар міндетті түрде есепке алынады. Шетелдік студенттерде де біздің университетте кіріс мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі бар.


              Қозы-Көрпеш Сарбиназ (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті)
 
                        Юй Сяоран (Шыңжаң қаржы-экономикалық университеті, ҚХР