Білім бағдарламасының шифры мен атауы:
7М02304 – «Филология»
Аккредитациядан өтуі:
«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕ мамандандырылған халықаралық аккредиттеу комиссиясының тексерісінен, білім беру бағдарламасы 2024 жылы 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Мемлекеттік лицензия: 10.08.2020 ж. № KZ79LAA00018567
Куәліктің жарамдылық мерзімі: 20.12.2024 ж. 19.12.2029 ж.
Берілетін дәреже: 7М02304 – «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша);
Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі – 2 жыл;
Маманның лауазымдарының тізімі:
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары: әдіскер, оқытушы;
- жоғары оқу орындары: оқытушы;
- ғылыми-зерттеу институттары: зерттеуші, ізденуші;
- білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары: әдіскер, оқытушы;
- білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы органдар: әдіскер;
- республикалық, облыстық және аудандық халыққа білім беру бөлімдері: әдіскер-ұйымдастырушы;
- облыстық және аудандық әдістемелік орталықтар: әдіскер;
- ҚР ҒЖБМ бақылау-аналитикалық қызмет: әдіскер, сарапшы республикалық, облыстық және аудандық мәдениет ұйымдары, мемлекеттік, ведомстволық (оның ішінде түрлі жеке мекемелер), жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары; әдіскер, әдіскер-ұйымдастырушы.
Кәсіби қызмет саласы
- орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;
- техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институттары;
- білім беру саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- Терең теориялық білім қалыптастыру;
- әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және лингвистика саласында кәсіби құзыреттіліктерін ұштастырады;
- ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемесін ғылыми және әдеби шығармаларды талдауда қолдана алады;
- кәсіби деңгейін көтереді;
- кәсіби белсенділікті, конструктивті-әдістемелік қызметті дамытады;
- қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді түсінетін және шеше алуға қабілетті белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастырады;
- тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілуге қабілеттілігінің нәтижесінде ғылыми және әдеби еңбектерді бағалайды;
- жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ береді;
- оқу жағдаятында әдістемелік-білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асырады;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделейді;
- филология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытады
- ғылыми мекемелерде және білім беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындайды;
- зерттеу қызметінің алгоритімін қолданады;
- филология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қол жеткізеді және қорытады;
- ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжайды;
- өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалайды.
Кәсіби қызметінің пәні:
- ЖОО білім беру үдерісі аясында магистрлердің зерттеу қызметін ұйымдастыру;
- білім беру жүйесін басқаруда жаңашыл үрдістеріндегі жергілікті және өкілетті органдардың қызметі.
Практика және тағылымдама базалары:
- «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)
- «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ)
- Тарлан колледжі
- Қ.Жұбанов колледжі
- Авто Жол Колледжі