БАСТЫ БЕТ > ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ > ФАКУЛЬТЕТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Филология факультеті – білім, ғылым және мәдениет саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген іргелі академиялық орта. Факультет жетістіктері – профессор-оқытушылар құрамының, білім алушылардың және түлектердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.

 

1. Мемлекеттік және ұлттық марапаттар

  • «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері:

1. ТЕКТІҒҰЛ Жанна Орынбасарқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2009

2. САДИРОВА Күлзат Қаниевна, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2012

3. ПАНГЕРЕЕВ Абат Шамұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2013

4. ИСАКОВА Сабира Сағынбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2013

5. БОРАШ Баян Тәліпұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2014

6. МУСАЕВ Алпысбай Мұсаұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2014

7. БАЛТЫМОВА Мира Рашидқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2015

8. ҚАРАҒҰЛОВА Балкенже Сағидоллақызы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2018

9. ҚУШКИМБАЕВА Айнұр Серікбайқызы, PhD, қауымдастырылған профессор

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері – 2023

 

  • Мемлекеттік наградалар, төсбелгілер:

- ҚР ҒЖБМ «Құрмет грамотасы» - 15,

- атаулы төсбелгі иегерлері – 13,

- гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісінің иегерлері – 3,

- «Ерен еңбегі үшін» төс белісі – 2.

  • Ұлттық ғылыми сыйлықтар:

- Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегерлері – 1,

- «Жетекші ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері – 2.

 

2. Ғылыми жетістіктер

  • Факультеттің ғылыми әулиеті – 69%

1. Ғылым докторлары

6

2. Ғылым кандидаттары

19

3. PhD докторлар

13

4. Scopus/WoS жарияланымдары

27

5. Q1-Q2 мақалалар (2025 ж.)

10

6. Ғылыми жобалар (2025 ж.)

4

 

3. Халықаралық жетістіктер

  • Халықаралық серіктестік.

 

Kastamonu University (Түркия)

https://kurumsal.hacibayram.edu.tr/img/al_b.png

  • Ankara Haci Bayram Veli University (Түркия)

  • Әлішер Науаи атындағы өзбек тілі мен әдебиеті Ташкент мемлекеттік университеті (Өзбекістан)

Ош мемлекеттік университеті (Қырғыстан)

Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)

 

  • Академиялық ұтқырлық.

Филология факультетінде шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу бағытында тұрақты ынтымақтастық жолға қойылған. Халықаралық серіктестік аясында кіріс және шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Ankara Haci Bayram Veli University (Түркия Республикасы) және т.б. университеттер базасында бір семестр бойы білім алу мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының серіктес жоғары оқу орындарымен Xinjiang University және Ili Pedagogical University академиялық алмасу аясындағы ынтымақтастық жалғасуда. Аталған университеттермен өзара келісімдер негізінде студенттер алмасуы тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Халықаралық академиялық ұтқырлық факультеттің білім беру сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби, тілдік және мәдениетаралық құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ университеттің халықаралық беделін нығайтуға бағытталған.