|
Білім беру бағдарламасының түрі |
Қолданыстағы |
|
Білім беру бағдарламасының атауы |
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті |
|
Білім беру бағдарламасының саласы |
6B01 – Педагогикалық ғылымдар |
|
Даярлау бағыты |
6В017 – Тіл және әдебиет пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау |
|
Білім беру бағдарламасының тобы |
В017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
|
ҰБТ пәндері |
1. Қазақ тілі 2. Қазақ әдебиеті |
|
ҰБШ бойынша деңгейі |
Бакалавриат, 6-деңгей |
|
Берілетін дәреже |
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры |
|
Білім беру бағдарламасының аккредиттелуі |
Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы, куәлік, тіркеу НЕ-SA №00587, 21.11.2025 ж. Аккредиттеу мерзімі: 21.11.2025 ж. – 20.11.2030 ж. |
|
Білім беру бағдарламасының рейтингі |
Атамекен: 2025 жыл – 34 бағдарламаның ішінде 18-орын |
|
Академиялық кредиттердің жалпы көлемі |
240 |
|
Оқу мерзімі |
4 жыл |
Кәсіби қызметінің саласы:
- білім беру (педагогикалық) мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары, мекемелер;
- баспа ісі, теле және радио саласы, кадр бөлімдері және т.с.с.;
- негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет көрсететін мекемелер.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- жоғары оқу орны;
- орта / оның ішінде гимназиялар, лицейлер/ және арнаулы орта оқу орындары;
- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидение және баспа орындары;
- аудармашылар мен референттер қажет ететін түрлі мекемелер;
Кәсіби қызметінің пәні:
- Салыстырмалы-тарихи және әлеуметтік лингвистикалық аспектідегі қазақ тілі мен әдебиеті;
- Қазақ, әлем әдебиеті;
- Білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білім беру (педагогикалық);
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық; оқу жұмысын ұйымдастыру, редактор, корректор, референт және т.б.;
- негізгі филологиялық білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызметтер.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласының Үш тілде оқытатын №21 мектеп-гимназия, №24 лингвистикалық мектеп-гимназия, №51мектеп-гимназия, №13, №56, №40, Новый орта мектептері.