БАСТЫ БЕТ > СТУДЕНТТІК ӨМІР > СТУДЕНТТІК ӨМІР
4

Филология факультетінде студенттік өмір білім алумен ғана шектелмей, тұлғалық даму, шығармашылық ізденіс пен әлеуметтік белсенділікке негізделген тұтас орта ретінде қалыптасқан. Факультет студенттерінің ғылыми, шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін дамыту мақсатында түрлі бағыттағы дамытушы клубтар мен фракциялар жүйелі түрде жұмыс істейді.

Студенттік клубтар мен фракциялар

  • «Zhas Qalamger» студенттік клубы
    Жетекшісі: Ибрагим Әсел Ахметқызы
  • «Shabyt» театр фракциясы
    Жетекшісі: Жұмажанов Мансур
  • «SMM-мобилография» фракциясы
    Жетекшісі: Камалова Сымбат
  • «Saz» ән фракциясы
    Жетекшісі: Қалдыбекова Мая
  • «Zhalyn» би фракциясы
    Жетекшілері: Алиева Сабина, Рахымжанова Альбина
  • «Sport» фракциясы
    Жетекшілері: Жұмағазиев Нұржан, Сұлтанов Нұрлыбек
  • «Eco-life» экологиялық фракциясы
    Жетекшісі: Қанапина Аяулым
  • «LeadingUp» көшбасшылық фракциясы
    Жетекшісі: Бекмырза Аружан

Студенттік бастамалар мен іс-шаралар

Факультет студенттері төмендегі бағыттар бойынша тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізеді:

  • ақын-жазушылармен және зиялы қауым өкілдерімен кездесулер;
  • оқырмандар конференциялары;
  • әдеби-сазды кештер;
  • интеллектуалдық сайыстар;
  • мүшәйралар мен айтыстар;
  • «Көңілді тапқыштар алаңы» ойындары;
  • қайырымдылық акциялары;
  • жатақханада ұйымдастырылатын мәдени-танымдық шаралар;
  • студенттердің өзін-өзі басқару апталықтары;
  • студенттік сенат жұмыстары.

Студент жетістіктері

2024-2025 оқу жылында Филология факультетінің білім алушылары түрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті:

  • халықаралық деңгейде – 13,
  • республикалық деңгейде – 10,
  • облыстық деңгейде – 14,
  • қалалық деңгейде – 9,
  • университетішілік деңгейде – 35 студент жеңімпаз атанды.

Марапаттар мен үздіктер

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша:

«Жылдың үздік студенті» Дәулетші Дильназ, 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 4 курс студенті.

«Үздік студент» төсбелгісімен марапатталғандар:

  1. Алпысбайұлы Биболат – 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 4 курс студенті,
  2. Бисенгалиева Инкар – 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ 4 курс студенті.

 

Университет жылдық есебі бойынша «Үздік шығармашыл клуб» «Zhas Qalamger» ұйымы атанды.

«Жұбанов үздігі» атағының иегерлері:

  1. Үздік шығармашыл студент – Рахметолла Адилхан, 6В02304-Қазақ филологиясы ББ 3 курс студенті.
  2. Жылдың ең үздік белсендісі – Жармағамбетов Мирлан, 6В02304-Қазақ филологиясы ББ 2 курс студенті.