Қолдану саласы:
Өнер және гуманитарлық ғылымдар
ББ коды мен атауы:
8D02304-Филология
ББ мақсаты:
ЖООКБ БББ мақсаты – 8D02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша филология саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның қазіргі заманғы ғылыми тұжырымдамалары мен лингвистикалық үрдістерін, ғылыми таным әдістерін, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кәсіби жоспарлай білетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.
8D02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша ЖООКБ білім беру облысындағы мақсаты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми білімдер негіздері саласында даярлау, түлекке қалаған іс әрекет ортасында табысты жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жоғары (доктор деңгейінде) білім алу, еңбек нарығында әлеуметтік жинақылық пен орнықтылығына себеп болатын әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттіліктерге ие болу болы табылады.
8D02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша ЖООКБ тұлғаны тәрбиелеу обылысындағы мақсаты докторанттарда әлеуметтік-тұлғалық, талаптылық, ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтылық, шыдамдылық қасиеттерді қалыптастыру, жалпы мәдениеттерін көтеру және т.б. болып табылады.
Берілетін дәреже:
8D02304 – филология білім беру бағдарламасы бойынша PhD, философия докторы
Түлектің кәсіптік әрекетінің түрлері:
8D02304 – филология докторантураның түлегі келесідей кәсіби қызметтерді атқара алады:
- Ғылыми-зерттеушілік;
- Ұйымдастырушылық-технологиялық;
- Өндірістік-басқарушылық;
- Ағартушылық (педагогикалық);
- 8D02304 – филология докторантураның түлегі белгіленген тәртіппен мамандық бойынша алынған іргелі және мамандандырылған дайындыққа сәйкес келесі кәсіби қызметті жүзеге асыру мүмкін:
- Маман, жетекші маман, жетекші филолог;
- Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметкері;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында филолог.
Түлектің кәсіптік әрекетінің міндеттері:
Докторантура түлегі кәсіби қызмет түріне сәйкес осы міндеттерді шешу үшін дайын болуы керек:
1) Ғылыми-зерттеу қызмет:
- Қазіргі заманғы ғылым мен техника, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы филология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және жалпылау;
- Конференциялар, семинарлар, симпозиумдар дайындау және өткізу;
- Ғылыми жарияланымдарды дайындау және өңдеу;
2) Өнеркәсіптік және технологиялық қызмет:
- Қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалану;
- Автоматтандырылған деректерді жинау және өңдеу қазіргі заманға әдістерін қолдана отырып, қажетті ақпаратты сақтау, талдау және жүйелеу;
- Нормативтік, әдістемелік құжаттарды дайындау және корпоративтік желісін дамыту стратегиясын анықтауға қатысу;
3) Ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет:
- Ғылыми-зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру;
- Қызметтің нәтижелерін болжау үшін ғылыми жетістіктерді қолдану, қабылданған шешімдердің нәтижелерін сандық және сапалық бағалау;
4) Оқыту қызметі:
- Дәрістерді оқу, семинарларды өткізу және филологияның нақты облысында оқу үдерісінің басқа реформалары.
Түлектің кәсіптік әрекетінің аясы:
8D02 – Өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша доктор кәсіби қызметінің дайындығы:
- Ғылыми-педагогикалық;
- Ғылыми-зерттеу;
- Білім беру-педагогикалық;
- Педагогикалық-ұйымдастыру;
- Әкімшілік-басқару;
- Мәдени-ұйымдастыру.
Түлектің кәсіптік әрекетінің нысаны:
Филология докторантура түлектердің кәсіптік қызметтерінің объектілері мыналар: ғылыми-зерттеу мекемелері, білім беру мекемелері.
Білім беру бағдарламасы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер:
- Қазіргі заманғы қазақ, орыс, әлемдік филологиялық зерттеулердің даму бағыттарын, айтулы жетістіктерін саралай алады;
- Жетекші маман ретінде филологиялық мәселелерді талқылайды және оны жүзеге асырады;
- Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметкер ретінде филология бағытында ғылыми жобаларды орындайды;
- Қазіргі заманғы ғылым мен техника, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы филология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды;
- Тіл мен әдебиетке қатысты ғылыми жарияланымдарды дайындайды және өңдейді;
- Теориялық және қолданбалы тіл білімі және әдебиет аясындағы базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолданады;
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті филологиялық ақпарат жинайды және интерпретациялауды жүзеге асырады;
- Филологиялық бағытта ғылыми нәтижеге қол жеткізу үшін теориялық және тәжірибелік әдістерді қолдана біледі.