БАСТЫ БЕТ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ > КАФЕДРАНЫҢ ТАРИХЫ

Математика кафедрасы 3 сатылық деңгейі бойынша мамандар дайындайды

Бакалавриат:

  • 6В01501 – Математика
  • 6В05401 – Математика

Магистратура:

  • 7М01501 – Математика
  • 7М05401 – Математика

Докторантура:

  • 8D05401- Математика

Кафедра тарихы

Физика-математика факультетінің негізі қаланған күннен бастап  «Математика» мамандығы бойынша мамандар даярланып келеді.

1966 жылы ашылған педагогика институтында алғаш рет математика және физика кафедрасының іргетасы қаланып, оның алғашқы меңгерушісі қызметін институттың проректоры Төлегенов Мырзағали Отарұлы қоса атқарды.

1970 жылы алғашқы түлектер оқуды аяқтап, 15 түлек математика мұғалімі дипломын алды.

Жоғары математика кафедрасы 1968 жылы құрылды. Бұл кафедра 1974 жылдан математикалық анализ кафедрасы деп аталды.

1968 жылы жоғары математика кафедрасы құрамынан элементар математика кафедрасы бөлініп шығып, ол 1988 жылдан бастап алгебра және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы деп аталды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Шибаев Петр Яковлевич болды.

1996 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті болып қайта құрылуына байланысты, сонымен қатар университеттің кейінгі қайта құрылуына байланысты факультеттің математика кафедралары бірнеше рет қайта құрулардан өтті.

Әр жылдарда аталған кафедраларды Р.Ю. Мисонжник, Ж.А. Сартабанов, Ж.Н. Тасмамбетов, М.У. Ахметов, І.Т. Тәжімұратов, К.К. Кенжебаев, Д.И. Хан, К.Ж. Жұбаев, Я.Я. Ведель, Т.Т. Шерияздан, Ж.Қ. Қайдасов Е.С. Алданов, А.У. Ахметова, А.Е. Иманчиев, М.А. Тлеубергеновалар басқарды.

Көп жылдар бойы тәжірибелі педагогтар сабақ берді: К.Н. Ниязмагамбетов,  И.И. Ильясов, А.Б. Бержанов, У.Б. Баймагамбетов, В.И. Гончарова, А.Ш. Шокаева, Р.Т. Алимбаева, М.Т.Тумышев, В. Шубин,  Т.И. Припадчева, Р.М. Бекетова, С.А. Мырзабеков, А.Ж. Избасова және т.б.

2013-2017 жылдар аралығында факультетте кафедралар іргелі және қолданбалы математика мен математика және математиканы оқыту әдістемесі атауларымен жұмыс жасап келді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап, іргелі және қолданбалы математика мен математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедралары біріктіріліп, Математика деген атаумен жұмысын жалғастыруда. Кафедра меңгерушісі-физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тлеубергенова Мадина Альмухановна. 

1999 жылы 6N0601 – «Математика» мамандығы бойынша магистратура ашылды. 2011 жылдан бастап 6М060100 – «Математика» мамандығы бойынша магистрлер даярлау жүзеге асырылып келеді. Кафедра 2016 жылдан бастап 6М010900 – «Математика» мамандығы бойынша магистрлерді даярлайды. 2015 жылдан бастап 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша докторанттар даярлау жүзеге асырылып келеді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылық қызметке алыс және жақын шет елдердің ғылыми зерттеу және академиялық институттарының, басқа да  университеттердің жетекші ғалымдары шақырылады.