БАСТЫ БЕТ > 7M06103 – ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ > 7M06103 – ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның заманауи (элиталық) білім ассоциациясы KAZSEE Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтті (сертификат №2021 KE 0390, 21.12.2021-20.12.2026).

Оқу түрі, мерзімі:

Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.

ББ мақсаты:

Инженерлік және ғылыми ойлауы бар, зерттеу және қолданбалы міндеттерді шешуге, бағдарламалық өнімдерді құруға және сүйемелдеуге, технологиялар тоғысында жұмыс істеуге, педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, шет тілдерін және жалпы мәдени даярлықтың жоғары деңгейін меңгерген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже:

7M06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Мамандық лауазымдарының тізбесі:

Оқытушы, АКТ қауіпсіздігі жөніндегі маман,бағдарламалар менеджері,зерттеулер және әзірлемелер жөніндегі маман, 
операциялық жүйелер әкімшісі, үлкен деректер жөніндегі маман, деректер базасының талдаушысы, деректер базасын басқару жүйесі жөніндегі маман, бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшісі, ақпараттық ресурстарды құру және басқару жөніндегі маман, бағдарламашы-инженер, АКТ саласындағы ғылыми зерттеуші.

Түлектің кәсіптік әрекетінің нысаны:

Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеу мекемелері; мемлекеттік басқару органдары; оқу орындары; жобалау ұйымдары; өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқалар болып табылады.

Кәсіби қызметінің функциялары мен түрлері:

Түлектің кәсіптік әрекетінің түрлері:
7М06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- ұйымдастыру-басқару;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша білім берудің кәсіптік қызметінің функциялары:
- ақпараттық жүйелерді жобалау және әзірлеу;
- инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу, инновациялық жобаларды орындау үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалану;
- ақпараттық және бизнес-үдерістерге терең талдау жүргізу;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін практикалық пайдалануға жеткізу;
- педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
- қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу, күрделі кәсіби міндеттерді шешу, ЖОО-да оқыту, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыру.

Практика базалары:

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Қолданбалы математика және информатика» институты, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы, «ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті РММ; «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» Ақсай қ.; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.