Кафедра тарихы:
«Физика» кафедрасы институт ашылғаннан кейін бір жылдан соң ұйымдастырылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі болып бұрын Қызылорда педагогикалық институтында жұмыс істеген Виктор Михайлович Гебель тағайындалды. 1967–1968 жылдары кафедраға С.Д.Өтениязов, Б.Н.Нұржанов, К.В.Цхай, К.А.Федосова, Б.Б.Белесов, А.Н.Сапаргалиев, И.Ф.Спивак-Лавров, В.Т.Третьяков және басқа да республиканың халыққа білім беру жүйесінің әр түрлі мекемелерінде жұмыс істеген оқытушылар қабылданды.
Физика пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудың, физика зертханалары үшін қондырғылар және приборлар алу, оларды монтаждау мен құрастырудың негізгі жүгі В.М.Гебель мен аға оқытушы А.О.Отаровтың еншісіне тиді.
Физика кафедрасында 60-шы жылдардың аяғына дейін ғылыми дәрежесі бар бір де бір оқытушы болмады, тек 1969 жылдан бастап Қырғызстаннан 1968 жылы физиканы оқыту әдістемесі бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, педагогика ғылымдарының кандидаты А.С.Желтова жұмысқа қабылданды. 1970 жылы кафедра тағы бір п.ғ.к. А.В.Сергеевпен толықты.
Физика-математика факультетіндегі студенттер контингентінің және соған сәйкес кафедра пәндері бойынша сағаттар көлемінің көбеюі 1970–1971 оқу жылы физика кафедрасының базасында екі кафедра ұйымдастырылды: жалпы және теориялық физика кафедрасы мен физиканы оқыту әдістемесі және оқытудың техникалық құралдары кафедрасы. Алғашқы кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к. А.В.Сергеев, екінші кафедраның меңгерушісі болып кейін кафедраны он жыл бойы басқарған п.ғ.к. А.С.Желтова сайланды.
Осы жылдары институт басшылығы жыл сайын жоғарыда аталған кафедра оқытушыларын жетекші ғылыми орталықтарға ғылыми стажировкаға және аспирантураға жіберіп отырды. Мысалы, С.М.Киров атындағы ҚазМУ мен Ядролық зерттеу институтында – Г.А.Доскеев, А.Н.Сапарғалиев, И.Ф.Спивак-Лавров, П.Я.Карпов атындағы Мәскеу физика-химиялық институтында – В.М.Гебель және К.В.Цхай, Ленинград педагогикалық институтында – В.Т.Третьяков, Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінде – Шукиров Ж.Ж. аспирантурада оқыды. Олардың барлығы одан әрі қарай кандидаттық диссертацияларының ғылыми зерттеулерін бітірді және институттың ғылыми потенциалын құрады.
Жалпы және теориялық физика кафедрасында физика-математика кафедрасының кандидаты атанған алғашқы оқытушы А.Н.Сапарғалиев болды. Одан әрі ол ядролық физика бойынша докторлық диссертация қорғады және Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры болды.
Жалпы және теориялық физика кафедрасы 11 жыл ішінде оқытушылар құрамы бойынша ең білікті кафедралардың бірі болып қалыптасты, 12 оқытушының 8-і ғылым кандидаты болды.
1985 жылы физика-математика факультеті базасында физика факультеті ұйымдастырылды. Факультетте «Физика және информатика», «Жалпы техникалық пәндер және еңбек», «Физика және еңбек» мамандықтары бойынша мұғалімдер дайындау жүзеге асырылды.
Физика факультетінің алғашқы деканы болып Қызылорда педагогикалық институтының «Физика және жалпы техникалық пәндер» мамандығының түлегі, ф.-м.ғ.к., доцент Константин Валентинович Цхай тағайындалды. Өзінің педагогикалық жолын институт қабырғасында бастаған ол оқытушылықтан, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор, ректор кеңесшісіне дейін қызметтер атқарды.
1990-1995 жылдары физика факультетінің деканы Шукиров Ж.Ж. болды.
Физика факультетінің кафедрасы мен ғылыми зертханалары Алматы, Киев, Санкт-Петербург, Тарту қалаларындағы көптеген жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыс орнатты.
Экологияның өзекті мәселелерімен және Ақтөбе облысының орта мектептерінде электрондық-есептеуіш техниканы ендірумен байланысты шаруашылық келісім шарттары орындалды.
Кафедра оқытушылары ғылыми және ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізілген қатты дене физикасы, молекулалық спектроскопия, жартылай өткізгіштер физикасы, бейсызықтық оптика саласында ғылыми зерттеулермен айналысты, жыл сайын республикалық және халықаралық конференцияларда баяндама жасалды, тезис, мақала және әдістемелік нұсқаулар рәсімделді.
Жалпы және теориялық физика кафедрасын әр жылдары В.Т. Третьяков (1985–1989 жж.), К.Ш. Шүнкеев (1992–1994жж. және 1999–2000 жж.), И.Ф. Спивак-Лавров (1994–1995 жж. және 2003–2011 жж), физиканы оқыту әдістемесі және оқытудың техникалық құралдары кафедрасын доцент А.О. Отаров (1983–1990 жж.), доцент О.Н. Нұрманов (1990–1995 жж. және 1997–1999 жж.) басқарды.
1995 жылы желтоқсанда жалпы физика кафедрасы мен ФОӘ және ОТҚ кафедрасы бір – физика кафедрасына бірікті. 1996 жылы бұл кафедрада 18 оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде 6 ғылым кандидаты және 7 оқу-тәрбие ісінің қызметкерлері, кафедраны Ж.Ж. Шүкіров (1995–1997 жж. және 2000–2003 жж.) басқарды. Кафедраны сонымен қатар: п.ғ.к., доцент Нурманов О.Н. (1997–1999 г.г.), ф.-м.ғ.д. Шункеев К.Ш. (1999–2000 г.г.) басқарды.
2000 ж. Физика кафедрасы қайтадан екі кафедраға бөлінді: эксперименттік және теориялық физика кафедрасы (ЭТФ) мен қатты дене физикасы және спектроскопия кафедрасы, соңғысы 2004 жылы 15 қазанда конденсияланған күй физикасы кафедрасы (ККФ) болып қайта өзгерді. 2013 жылы ақпанда ККФ кафедрасы ЭТФ кафедрасына қосылды.
ЭТФ кафедрасын: ф.-м.ғ.к. Шукиров Ж.Ж. (2000–2002 ж.ж.), ф.-м.ғ.д., профессор Спивак-Лавров И.Ф. (2002-2011 ж.ж.), ф.-м.ғ.к. Жубаев А.К. (2011-2015 ж.ж.), ф.-м.ғ.к. Курманбай М.С. (2015-2016 ж.ж.).
Осы уақыттан бастап қатты дене физикасы және спектроскопия кафедрасының меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор Қ.Ш.Шүнкеев (2000–2002 жж. және 2003–2004 жж.). болды. Одан кейін кафедраны ф.-м.ғ.к., доцент Құрманбай М.С. (2002–2003жж.), ф.-м.ғ.к., доцент Тулепбергенов С.Қ. (2004–2009 жж.), ф.-м.ғ.к., доцент Сағымбаева Ш.Ж. (2009–2013жж. және 2014–2019 жж.) басқарды.
2004 жылы наурызда жоғары оқу орны Ақтөбе педагогикалық институты мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті болып бөлінді.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика және жаратылыстану факультетінде жас теориялық және эксперименттік физика кафедрасы (ТЭФ) жұмыс істеді, ол 2013 жылы конденсияланған күй физикасы кафедрасы (ККФ) болып қайта өзгерді, кафедра меңгерушілері ф.-м.ғ.д., профессор Исматов Е.И. (2004–2007 жж.), ф.-м.ғ.к.Жұбаев А.Қ. (2007–2009 жж.), ф.-м.ғ.к. Мясникова Л.М. (2009–2013 жж.) болды.
2013 жылы сәуірде аталған жоғары оқу орындары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті болып қайта бірікті.
2013 жылдың желтоқсанынан бастап ККФ кафедрасының меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Сағымбаева Ш.Ж. болды.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап эксперименттік және теориялық физика кафедрасы (ЭТФ) және конденсияланған күй физикасы кафедрасы (ККФ) бірігіп физика кафедрасы болып құрылды.
Физика кафедрасы меңгерушісі қызметін ф.-м.ғ.к., қауымд. доцент Сағымбаева Ш.Ж. (2016-2019 жж.), PhD, қауымд. доцент Аймаганбетовва З.К. (2019-2025 жж.), 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Ахметова М.К. физика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Кафедра құрамы: ф.м.-ғ.д., профессор Спивак-Лавров И.Ф., ф.-м.ғ.д., профессор Қ.Ш.Шүнкеев, ф.м-ғ.к., доцент Жұбаев А.К., ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған доцент Сагимбаева Ш.Ж., ф.м-ғ.к., қауымдастырылған доцент Бекешев А.З., ф.м-ғ.к., қауымдастырылған доцент Мясникова Л.Н., ф.м-ғ.к., қауымдастырылған доцент Сергеев Д.М., PhD, қауымдастырылған доцент Жантурина Н.Н., PhD, қауымдастырылған доцент Аймаганбетова З.К., PhD, доцент Убаев Ж.К., PhD аға оқытушы Шугаева Т.Ж., PhD аға оқытушы Дуйсенова А.Г., аға оқытушы Тасқалиев А.К., аға оқытушы Шанина З.К., аға оқытушы Нұртазина А.С, аға оқытушы Серикбаева Г.Д., аға оқытушы Шарипов С.У., оқытушылар: Есімгүжиева Г.Б., Бекетова Г.К., Амантаева А.Ш., Истляуп А.С., Кудайбергенова Қ.Б.
Кафедраның негізгі міндеттері - «6В01502-Физика», «6В01512-Физика» (IP), «6В05301-Физика» бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «7М01502-Физика», «7М05301-Физика» бағдарламалар бойынша магистрлерді және «8D05301-Физика» бағдарламасы бойынша философия докторын (PhD) даярлау болып табылады.
Бакалавриат түлектеріне берілетін дәрежелер:
«6В01502-Физика»—білім бакалавры,
«6В01512-Физика» (IP)—білім бакалавры,
«6В05301-Физика» — жаратылыстану бакалавры.
Магистранттарға берілетін дәрежелер:
«7М01502-Физика»—педагогика ғылымдарының магистрі,
«7М05301-Физика» — жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Докторанттарға берілетін дәреже:
«8D05301-Физика» - Философия докторы (PhD) дәрежесі.
Білім беру бағдарламасының Ұлттық рейтингінде:
2020 жылы «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасы 2 орынды, "6В05301-Физика" білім беру бағдарламасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде 3 орынды иеленді.
2020 жылы "Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі" шешімімен "6В05301-Физика" және "7М05301-Физика" білім беру бағдарламалары 7 жыл мерзімге, "6В01510-физика-Информатика" және "8D05301" - Физика" білім беру бағдарламалары өткен 5 жыл мерзімге мамандандырылған аккредитациядан өтеді.
2021 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша «6В01502-Физика» бағдарламасы 2 орынды, «6В05301-Физика» бағдарламасы 3 орынды иеленді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес 2022 жылы "6В01502-Физика" бағдарламасы 1/19 орында, "6В05301-Физика" бағдарламасы 4/4 орында, 2023 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша 6В01502 - Физика ББ 5/15 орын, 6В05301- Физика ББ - 11/12, 2024 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша 6В01502 - Физика ББ 6/15 орын, 6В05301 Физика ББ – 7/12 орынды иеленді.