БАСТЫ БЕТ > 6В05401 – МАТЕМАТИКА > 6В05401 – МАТЕМАТИКА
4

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2020 жылы сәуір айында өткен «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша 6B05401 Математика білім беру бағдарламасы 7 жылға (№АВ 4004/1, 13.11.2020 ж., 20.05.2020 ж.- 19.05.2027 ж.) аккредиттеуден өтті.

Оқу түрі, мерзімі.
Күндізгі бөлім: орта жалпы білім негізінде 4 жыл.

Берілетін дәреже: 6B05401 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры.

ББ мақсаты: 6B05401 Математика білім беру бағдарламасының мақсаты математика және статистика саласында заманауи ғылыми –практикалық деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шығармашылық және жоғары кәсіби біліктілікпен шеше алатын жоғары білікті, құзіретті мамандарды даярлау.

Кәсіби қызметінің саласы:

  • ғылыми-зерттеу мекемелері;
  • білім беру мекемелері;
  • банк жүйесі;
  • сақтандыру компаниялары;
  • қаржылық құрылымдар. 

Кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу мекемелері, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын әртүрлі жеке меншік нысандар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.

Кәсіби қызметінің пәні:

математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; актуарлық математика.

Кәсіби қызмет функциялары және түрлері

Кәсіби қызмет түрлері: 

  • ғылыми-зерттеушілік; 
  • жобаушылық; 
  • ұйымдастырушылық-технологиялық және өндірістік-басқарушылық; 
  • эксперименталдық; 
  • болжаушылық; 
  • математикалық-экономикалық; 
  • қаржылық.

Кәсіби қызмет функциялары: 

  • жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешудің математикалық модельдері мен программалық кешендерін жасау; 
  • экономиканың есептерін шешудің математикалық модельдері мен программалық кешендерін жасау; 
  • теориялық және қолданбалы математика, статистика және актуарлық математика есептердің қойылуы және шешуі; 
  • үлкен мәліметтерге талдау жасау.

Маманның лауазымдарының тізімі:

  • ғылыми-зерттеу ұйымдарының маманы; 
  • білім беру ұйымдарының маманы; 
  • банк саласының маманы; 
  • сақтандыру компанияларының маманы; 
  • қаржы құрылымдарының маманы; 
  • Data Mining маманы.

6В05401 – МАТЕМАТИКА ББ ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  1. Теориялық және қолданбалы математика, информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі білімді меңгеру, жасанды интеллект туралы түсінікке ие болу.
  2. Кәсіпкерлік туралы, құқықтық нормалар туралы, жеке кәсіби даму аспектілері туралы түсінікке ие болу және орнықты даму қағидаттарын саналы түрде қолдана отырып, үнемі жетілдіруге ұмтылу, интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік және кәсіби өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің перспективалық желілерін құру және іске асыру қабілетіне ие болу; академиялық адалдықтың негізгі қағидаларын қолдану.
  3. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру, математикалық және статистикалық курстардың басқа пәндермен пәнаралық байланысын қамтамасыз ету.
  4. Математиканың негізгі бөлімдері, соның ішінде актуарлы математика және статистика бойынша есептерді шешу білу.
  5. Зерттеу дағдыларын меңгеру, компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдылары мен бағдарламалық құралдарды пайдалану дағдыларын, деректер базасын құру және интернет ресурстарын пайдалану дағдыларын меңгеру, математикалық есептерді шешу барысында жасанды интеллектпен жұмыс істей білу.
  6. Фундаменталды математика және информатика салаларында іргелі дайындыққа, кәсіптік қызметте алынған білімді пайдалануға дайын болу, мемлекеттік және басқа тілдерде сәтті және оңтайлы іскерлік қарым-қатынас жасау қабілетін көрсету.
  7. Ғылыми проблеманы шешуде қолданбалы аспектіні көре білу, нәтижені дұрыс түсіну және түсіндіру; нәтижені талдай білу және проблеманың негізінде жатқан математикалық модельді түзету білу.
  8. Ғылыми-техникалық салада, сондай-ақ экономика, бизнес және гуманитарлық салалардағы басқару тапсырмаларын талдау кезінде математикалық және алгоритмдік модельдеу әдістерін меңгеру.
  9. Математика және статистика саласындағы маманның құзыреті шеңберінде қазақ, орыс және шетел тілдерін, ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі типтерінің базалық әдістері мен тәсілдерін еркін меңгеру; академиялық жазудың жалпы принциптік қағидаларын білу.
  10. Құқық, басқару және бизнес облысында, қаржылық сауаттылық  негіздерінде жаңа білімдер мен машықтарды өз бетінше игеру дағдыларының болуы.

Практика базалары: 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі  Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департамент, «Bereke Bank», "Центр Кредит" банкі, "Еуразиялық Банк", Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, Қолданбалы математика және информатика ҒО.