Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі).
«Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығы» коммерциялық емес ұйымының сыртқы сараптамалық комиссиясының тексерісі нәтижесінде «6В01501 – Математика» білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге аккредиттелді.
Тіркеу нөмірі: HE-SA №00483, қолдану мерзімі: 03.06.2025 ж. – 03.06.2032 ж.
Оқу мерзімі.
Күндізгі бөлім:
орта жалпы білім негізінде —4 жыл,
орта кәсіби білім негізінде —3 жыл,
жоғары білім базасында —2 жыл.
Берілетін академиялық дәреже:
6В01501 – Математика білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
ББ мақсаты. 6B01501 - Математика білім беру бағдарламасының мақсаты математика және математиканы оқыту әдістемесі саласында жоғары білікті, құзретті мамандарды даярлау, педагогиклық қызмет аясында заманауи ғылыми-практикалық деңгейде әлеуметтік маңызды міндеттерді шығармашылық және жоғары кәсіби деңгейде шешуге қабілетті жаңа формация мұғалімін қалыптастыру болып табылады.
Кәсіби қызмет саласы:
- білім беру ұйымдары, оның ішінде көптілді оқытумен: мектептер, лицейлер, гимназиялар және колледждер;
- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
- математика және физика саласында мамандандырылған түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы өндірістік және өндірістік емес саладағы ұйымдар, мекемелер және қызметтер.
Кәсіби қызмет объектілері:
білім беру ұйымдары (мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары); математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі төңірегіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері, басқару ұйымдары: білім департаменті, өз жұмысында математикалық әдiстерді қолданатын әр түрлi жеке меншiк ұйымдардар.
Кәсіби қызметінің пәні:
оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, педагогикалық білім беру мәселелері бойынша тәжірбиелі-экспериментальді және ғылыми –зерттеушілік жұмыстар; алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды игеру және енгізу; оқу орындарындағы ұйымдастыру қызметтерін орындау; оқу-әдістемелік құжаттарын жасау; жастарды оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері
Кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ұйымдастырушылық-тәрбиелік;
- ғылыми-зерттеушілік;
- мәдени-ағарту.
Кәсіби қызмет функциялары:
- білім беру жүйесінде оқыту;
- математика мен физиканы қолдануға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- жаратылыстану ғылымдары, техника саласындағы процестер мен құбылыстардың математикалық моделін әзірлеу;
- бағдарламалық кешендерді құру.
Маманның лауазымдарының тізімі:
- орта мектептерде математика мұғалімі;
- орта кәсіптік оқу орындарында математика мұғалім;
- мұғалім-зерттеуші.
ББ оқыту нәтижесі:
- Математиканың ғылым ретінде және оқу пәні ретінде ерекшеліктерін, білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін білу
- Математиканы оқыту процесін құрастыру технологиясын, математиканы оқытудағы инновациялық технологиялардың маңызын түсіну
- Математика курсының негізгі компоненттері мен желілері бойынша математикалық мазмұнға логико-дидактикалық талдау жүргізу үшін математиканы оқыту процесінде алынған теориялық білімді қолдана білу.
- Пән саласындағы тілді сауатты қолдана білу, математиканы оқыту міндеттерін дұрыс қоюды жүзеге асыру; математикалық есептерді шешу процесінде жасанды интеллектпен жұмыс жасай білу.
- Математикалық пәндерді оқыту әдістемесінің дағдыларын меңгеру, сондай-ақ кәсіби қызметте тіл мәдениетінің жоғары деңгейіне ие болу
- Математикалық, жаратылыстану және әдістемелік пәндерді оқыту барысында дәлелдемелерді алу және кәсіби қолданбалы есептерді шеше білу
- Математикалық және әдістемелік пәндер бойынша оқу-әдістемелік және бақылау-өлшеу материалдарын әзірлей білу, ғылыми зерттеу мен академиялық жазудың негізгі әдістеріне талдау жасай білу, оларды оқу-тәрбие үдерісінде байқаудан өткізу
- Іргелі педагогикалық білім мен дағдыларды жаңартылған білім мазмұны шеңберінде қолдану, тарихтан, философиядан және әлеуметтік-саяси пәндерден алған базалық білімдерін ескере отырып, әртүрлі салаларда болатын жағдайларды бағалау, білім беру менеджментінің, құқық негіздерінің, экология негіздерінің негізгі ұғымдарын игеру және академиялық адалдықтың негізгі қағидаларын пайдалану.
- Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: бағдарламалық математикалық материалды меңгеруде жасанды интеллектіні, интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату бойынша «бұлтты» және «мобильді» сервистерді пайдалану.
- Көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайында парапар әрекет ету мақсатында мемлекеттік және шетел тілдерін меңгерген математика саласындағы маманның құзыреттілігі шеңберінде ауызша және жазбаша коммуникацияның түрлі типтерінің базалық әдістері мен тәсілдерін еркін меңгеру.
- Қаржылық, құқықтық, экологиялық сауаттылық, өмір қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен кәсіпкерлік салаларындағы білім мен практикалық дағдылардың жиынтығын меңгеріп, орнықты даму қағидаттарын, саналы тұтыну, құқықтық сана және әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарын жеке және кәсіби қызметтің түрлі салаларында саналы түрде қолдана алады.
Практика базалары:
Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағытындағы, Ақтөбе қаласы; Ақтөбе облысының дарынды ұлдарға арналған арнайы лицейі «Білім-инновация»; №21 мектеп-гимназия; Ақтөбе қаласының мектептері.