БАСТЫ БЕТ > 6В06105 – КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ > 6В06105 – КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ
4

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):

2025 жылдың маусым айында «Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы» КеМ Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы аккредиттеуден өтті (сертификат НЕ-SA №00485, 03.06.2025-03.06.2030).

Оқу түрі, мерзімі:

күндізгі бөлім:

орта жалпы білім негізінде - 4 жыл;

орта кәсіби білім негізінде -3 жыл

Берілетін дәреже:

6В06105-Компьютерлік инженерия білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Кәсіби қызметінің саласы:

6В06105-«Компьютерлік инженерия» ББ түлектерінің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: ақпараттық технологиялар, аймақтық және глобалдық ақпараттық желілер және Internet-технологиялар, ғылым, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар мен деректерді құру, сақтау, өңдеу, сондай-ақ оларды компьютерлерді пайдалана отырып басқару процестеріне қатысы бар ұйымдар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

Түлектің кәсіптік әрекетінің түрлері 
6В06105- «Компьютерлік инженерия» мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: 
- Ғылыми-зерттеу;
- өндірістік-технологиялық; 
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- жоба-конструкторлық;
- сараптамалық-аналитикалық.
Кәсіби қызметінің функциялары: 
6В06105-«Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалаврдың кәсіби қызметінің функциялары: 
- қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын салалардағы ғылыми-зерттеу қызметі; 
- кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуін қолдау және әзірлеу процесін ұйымдастыру мақсатында ресурстар мен уақытты тиімді жоспарлау және басқару;
-аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және верификациялау;  
- аппараттық және бағдарламалық құралдарды, кешендер мен желілерді құрастыру;
- желілерді бағдарламалау және басқару;
- кәсіби қызмет объектілерінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуді талдау, құру және жетілдіру;
- пайдаланушылардың сұраныстарын талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптары мен ерекшеліктерін, пәндік сала модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін әзірлеу.

Практика базалары:

«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе филиалы; ҚТЖ АҚ«Ақтөбе желілік әзірлеулер орталығы» филиалы; «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» ММ; «СтройТехно» ЖШС; «Д-Три А» ЖШС.