Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі).
Тәуелсіз «ARQA» агенттігінің сыртқы эксперттік комиссиясы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша «7М01501 – Математика» білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелген. Тіркеу нөмірі: HE-SA-000358, жарамдылық мерзімі: 25.12.2023 ж. – 24.12.2028 ж.
Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.
Берілетін академиялық дәреже: «7M01501 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
ББ мақсаты. Математика саласында еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие, білім беру ұйымдарында ғылыми – зерттеу және педагогикалық қызметке қабілетті, заманауи ақпараттық технологияларды білетін жоғары білікті педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындау.
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылым;
- білім беру.
Кәсіби қызмет объектілері: білім беру ұйымдары (жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары); математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; басқару ұйымдары: білім бөлімдері, тиісті мемлекеттік органдар өз жұмысында математика әдістері қолдананылатын ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні: оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, диагностика, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжау; математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, синтездеу және тарату; математикалық зерттеулер әдістеріне негізделген технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру; білім беру мекемелерінде және тиісті профильдегі басқа да басқару органдарында ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері
Кәсіби қызмет түрлері:
- білімдік (педагогикалық);
- оқу және тәрбиелік;
- оқу және технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- эксперименттік - зерттеулік;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық.
Кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес «7М01501-Математика» ББ түлегі келесі функцияларды атқара алады
- оқыту;
- тәрбиелік;
- кәсіптік бағдар беру;
- ғылыми-зерттеу.
Маманның лауазымдарының тізімі:
- жоғары оқу орындарында және басқа білім беру ұйымдарында математика оқытушысы; оқытушы (ассистент);
- ұйым басшысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы, құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары.
ББ оқыту нәтижесі:
- математика саласында терең білім, бағдарламалық математикалық материалды игерудегі жасанды интеллекттің рөлі мен орны, жоғары мектепте математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық заңдылықтары, жоғары мектепте оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері туралы білім қалыптастырады
- математиканың фундаментальды бағыттарының негізгі ережелерін негіздей алады, математиканы оқыту понцесін жобалауда алған теориялық білімдерін көрсете біледі.
- дәлелдерді тұжырымдай алады, математикалық және әдістемелік пәндерді оқыту понцесінде кәсіби және қолданбалы мәселелерді шеше біледі.
- магистрлік диссертация, ғылыми мақала, баяндама және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін жалпылайды, кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға құзырлы болады.
- педагогика, психология, оқыту әдістемесі бойынша базалық білімін, сонымен қатар инклюзивті және критериалды бағалау технологияларын ескере отырып, тұлға аралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалай біледі.
- жаңа қоғамда әлеуметтенуге және жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны аясында қорытындылар жасайды.
- қарқынды дамып жатқан көп тілді және көп мәдениетті әлемде барабар жауап беру үшін мемлекеттік және шет тілдерін білетін математика саласындағы маманының құзырлығы шегінде әр түрлі ауызша және жазбаша қарым - қатынастың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді.
- жасанды интеллект, интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистерді, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың түрлерін кәсіби деңгейде еркін меңгереді және қолдана алады.
- тарих, философия және әлеуметтік-саяси пәндер шеңберіндегі базалық білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды.
Практика және тағылымдамалар базалары: Ақтөбе қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі; Жұбанов университеті; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті; Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бегелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институты.