
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
2018 жылдың мамыр айында «Аккредиттеудің және рейтингтің тәуелсіз Агенттігі» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы эксперттік комиссиясының тексеру қорытындысы бойынша мамандандырылған аккредиттеуден 5 жылға өтті. (№ АВ 1729, 31.05.2018-30.05.2023).
Оқу мерзімі:
Ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты – 2 жыл.
Берілетін дәрежесі:
«7М01502-Физика» білім беру бағдарламасының педагогикалық ғылымдар магистрі
Кәсіптік қызмет саласы:
эксперименталдық, теориялық және қолданбалы физика, сондай-ақ тиісті жаратылыстану және техникалық ғылымдарының саласы; жоғары оқу орындарында педагогиканың, физиканы оқытудың теориясы мен әдістерін қоса алғанда, білім беру саласы.
Кәсіби қызметінің нысандары:
ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми зертханалар, жобалаушы-конструкторлық бюролар, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру мекемелері, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдары; тиісті профильдегі әкімшілік мемлекеттік басқару органдары.
Кәсіби қызметінің пәні:
кәсіпорындар мен қауымдастықтардағы ғылыми-зерттеу, өндірістік және технологиялық үдерістер; мемлекеттік мекемелерде, фирмалар мен компанияларда, оның ішінде халықаралық ұйымдарда ұйымдастырушылық және басқарушылық үдерістер; жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім беру және тәрбие үрдістері.
Кәсіби қызмет түрлері:
ғылыми-зерттеу, педагогикалық, ғылыми-методикалық, ұймдастыру мен басқару.
Практика мен тағылымдама базалары:
Витаустас Магнус университеті, Литва; Гданьск университеті, Польша; Башқұрстан мемлекеттік университеті, Ресей; Сакария университеті, Туркия; Ю.Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей; Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті, Беларусь.
«Физика» (7М01502) Білім беру бағдарламасының сипаттамасы
«Физика» (7М01502) білім беру бағдарламасы – білім беру, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметке қабілетті, заманауи физика әдістерін меңгерген, кәсіби құзыреттілігі жоғары педагог-зерттеушілерді даярлауға бағытталған. Бағдарлама педагогикалық бағыттағы магистранттарға терең теориялық білім, зерттеу дағдылары мен инновациялық оқыту технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Бағдарлама аясында магистранттар келесі бағыттарда кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады:
- Жалпы және теориялық физика
- Физиканы оқыту әдістемесі
- Цифрлық білім беру технологиялары
- Эксперименттік физика және зертханалық тәжірибе
Негізгі оқытылатын пәндер:
- Физикалық процестерді модельдеу
- Жоғары оқу орнында физиканы оқыту әдістемесі
- Инклюзивті білім беру технологиялары
- Академиялық жазылым және зерттеу мәдениеті
- Наноқұрылымды материалдардың физикасы
- Ғылыми-зерттеу әдістері және педагогикалық дизайн
- Заманауи білім беру технологиялары
Магистранттардың меңгеретін құзыреттері:
- Физика ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін терең меңгеру
- Ғылыми-зерттеу жобаларын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерді талдау
- Жоғары және орта білім беру жүйесінде инновациялық оқыту әдістерін қолдану
- Физикалық эксперименттерді жоспарлау, жүргізу және интерпретациялау
- Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, оқыту контентін жобалау
- Ғылыми мәтіндерді академиялық талаптарға сай әзірлеу және жариялау
Мүмкін болатын лауазымдар:
- Жоғары оқу орындарының оқытушысы
- Орта білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімі
- Зертханалық жұмыстар бойынша әдіскер
- Ғылыми-зерттеу институтындағы ғылыми қызметкер
- Оқу процесін цифрландыру және әдістемелік қамтамасыз ету маманы
Бағдарлама түлектері білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде және ғылыми-зерттеу мекемелерінде табысты жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, педагогикалық, зерттеу және басқарушылық қызметтерде жұмыс істеуге дайын болады.