Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі).
«Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығы» коммерциялық емес ұйымының сыртқы сараптамалық комиссиясының тексерісі нәтижесінде «7М05401 – Математика» білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
Тіркеу нөмірі: HE-SA №00506, қолдану мерзімі: 17.06.2025 ж. – 14.06.2030 ж.
Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.
Берілетін академиялық дәреже:
«7М05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
ББ мақсаты: «7М05401 – Математика» магистратураның білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындары жүйесі мен ғылыми сала үшін терең ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығына ие, бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.
Кәсіби қызмет саласы:
- ғылым;
- білім беру;
- ғылыми-өндірістік сала, экономика және басқару.
Кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары; конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; білім беру ұйымдары (жоғары және орта арнаулы оқу орындары және т.б.); мемлекеттік профильдегі кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математикалық әдістерді пайдаланатын әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар; әкімшілік басқару; сақтандыру компаниялары; қаржы құрылымдары, бизнес, экономика.
Кәсіби қызметінің пәні: математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолданатын салалардағы ғылыми зерттеулер; процестер мен объектілерді математикалық модельдеу және бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы әртүрлі қолданбалы есептерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару салаларындағы есептерді шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, зерттеу және басқару қызметін бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету; жоғары және орта арнаулы оқу орындарында және басқа білім беру ұйымдарында математикалық пәндерді оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері
Кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- педагогикалық.
Кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес «7М05401-Математика» ББ түлегі келесі функцияларды атқара алады
Ғылыми-зерттеу қызметі:
- процесстер мен объектілерді математикалық модельдеудің іргелі есептерін шешу үшін математикалық әдістерді және заманауи жоғары өнімді есептеу технологияларын қолданатын ғылыми зерттеулер;
- жүргізілетін зерттеу тақырыбына сәйкес математика саласындағы жаңа ғылыми нәтижелерді, ғылыми әдебиеттер немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
- жүргізілетін зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиографиялар жасау, ғылыми жарияланымдарды даярлау.
Педагогикалық қызмет:
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында және басқа білім беру ұйымдарында математикалық пәндер циклын оқыту;
- студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулеріне (профессорлармен бірге) жетекшілік ету;
- жоғары оқу орындары және басқа білім беру ұйымдары үшін оқу-әдістемелік материалдар жасақтау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:
- ғылыми-зерттеу топтардың жұмысын ұйымдастыру;
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру.
Маманның лауазымдарының тізімі:
- ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, конструкторлық және жобалау бюроларында және т.б. ұйымдарда ғылыми қызметкер;
- жоғары оқу орындарында және басқа білім беру ұйымдарында математика оқытушысы;
- математик-аналитик, өз жұмыстарында математика әдістерін қолданатын өндірістік және басқару ұйымдарында, сақтандыру компанияларында, қаржы құрылымдарында маман;
- ұйым басшысы, құрылымдық бөлімшенің басшысы, құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары.
ББ оқыту нәтижесі:
- ғылыми танымның философиясы мен әдіснамасы туралы білімдерін көрсету; жаратылыстану ғылымдарының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерін, ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлін білу;
- ғылыми танымның дамуындағы заманауи тенденциялар туралы білу, ғылыми қызметті ұйымдастырудың принциптері мен құрылымын білу, педагогикадағы және арнайы салалардағы ғылыми зерттеудің теориялық –әдіснамалық негізін білу;
- математика ғылымның даму тарихы туралы білімін көрсету, математикалық талдау, алгебра және геометрия, дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика, сандық әдістер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика және басқа да математикалық пәндердің өзекті мәселелерін, математика ғылымының даму деңгейі мен зерттеудің алдағы бағыттарын білу;
- ғылыми зерттеулерде теориялық және ғылыми- практикалық математикалық есептерді шешуде мамандық бойынша іргелі пәндер облысында алған білімдерін қолдана білу;
- ғылыми жобалау және кәсіби саладағы зерттеу жұмыстарын жүргізуде құзыретті болу, заманауи математика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістерін және осы саладағы жаңа жетістіктерді білу, ғылыми зерттеу қызметінің және стандартты ғылыми есептерді шешудің дағдыларын қалыптастыру;
- ғылыми мақалалар, баяндамалар және магистрлік диссертация түрінде ғылыми –зерттеу және аналитикалық жұмыстарының нәтижелеріні жалпылай білу;
- өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіби қызмет және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету дағдыларына ие болу;
- жоғары оқу орындарының ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында құзыретті болу, жоғары мектеп дидактикасының классикалық ережелерін, математиканы оқыту теориясын және әдістемесін білу; оқу үдерісінде студенттердің танымдық әрекет психологиясын, оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білу;
- жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы саласындағы білімдерді педагогикалық қызметте қолдана білу; жоғары кәсіби білімнің дамуында әлемдік тенденциялар мен педагогикалық концепцияларды, халықаралық ұйымдардың білім беру стратегияларын білу;
- математикалық пәндерді оқыту дағдыларының болуы; заманауи білім беру технологиялары мәселелерінде құзыретті болу; оқыту үрдісінде интерактивті оқыту әдістерін, заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды, оның ішінде цифрлық оқыту технологияларын, ЖИ технологияларын қолдана білу;
- шетел тілін ғылыми зерттеулер жүргізуге және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін деңгейде меңгеру;
- заманауи ақпараттық технологияларды, оның ішінде ЖИ негізіндегі жүйелерді қолдана отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізе білу; ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс істей білу; заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты бере білу.
Практика және тағылымдамалар базалары:
Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, Қолданбалы математика және информатика ҒО; ҚР ҒжЖБМ ҒК Математика және математикалық модельдеу институты;Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.