БАСТЫ БЕТ > 8D05401 – МАТЕМАТИКА > 8D05401 – МАТЕМАТИКА
4

Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі).

«Тәуелсіз Қазақстандық аккредиттеу орталығы» коммерциялық емес ұйымының сыртқы сараптамалық комиссиясының тексерісі нәтижесінде «7М05401 – Математика» білім беру бағдарламасы 7 жыл мерзімге аккредиттелді. Тіркеу нөмірі: HE-SA №00510, қолдану мерзімі: 17.06.2025 ж. – 16.06.2032 ж.

Оқу мерзімі: 3 жыл.

Берілетін академиялық дәреже: «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

ББ мақсаты: "8D05401 – Математика" білім беру бағдарламасының мақсаты тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу дайындығын иеленген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі орындардағы білім беру жүйесі мен ғылыми саласы үшін, бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау.

Кәсіби қызмет саласы:

  • ғылым;
  • білім беру;
  • ғылыми-өндірістік сала, экономика және басқару.

Кәсіби қызмет объектілері: ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау және конструкторлық бюро, фирмалар мен компаниялар; білім беру ұйымдары (жоғары оқу орындары және т.б.); мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, өз жұмысында математика әдістерін қолданатын  әртүрлі жеке меншік нысандар.

Кәсіби қызметінің пәні: 

математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары; процестер мен объектілердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің математикалық модельдеуін қолдана отырып әртүрлі қолданбалы мәселелерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару мәселелерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық қамтамасыз ету; математикалық пәндерді оқыту, жоғары оқу орындарында және басқа да білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру.

Кәсіби қызмет функциялары және түрлері

Кәсіби қызмет түрлері: 

  • ғылыми-зерттеу; 
  • педагогикалық; 
  • әкімшілік-басқарушылық. 

Кәсіби қызмет түрлеріне сәйкес «8D05401-Математика» ББ түлегі келесі функцияларды атқара алады

Ғылыми-зерттеу қызметі:

  • процестер мен объектілерді математикалық модельдеу іргелі есептерін шешу үшін математикалық әдістерді және жоғары өнімді есептеу технологияларын қолданатын ғылыми зерттеулер;
  • математикалық модельдерді құру және зерттеу, алгоритмдерді, жүргізілетін ғылыми-зерттеу және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары бойынша зерттеу әдістерін жасақтау;
  • жаратылыстану ғылымдары саласындағы қолданбалы есептерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін математикалық және заманауи жоғары өнімді есептеу технологияларын, ақпараттық технологияларды және бағдарламалар дестелерін  жасақтау.

Педагогикалық қызмет:

  • оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында математикалық пәндер циклын оқыту;
  • бакалаврлар, магистрлер, докторанттардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік ету;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқу-әдістемелік материалдар жасақтау.

Әкімшілік-басқарушылық қызмет:

  • ғылыми-зерттеу топтардың, ұжымның, институттардың және т.б. жұмысын ұйымдастыру;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.

Маманның лауазымдарының тізімі

Докторантураның түлектері мамандық бойынша алған іргелі және арнайы даярлығына сәйкес  кәсіби қызметін:

  • ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, конструкторлық және жобалау бюроларында және т.б. ұйымдарда ғылыми қызметкер (аға, жетекші, бас);
  • жоғары оқу орындарында және басқа білім беру ұйымдарында математика оқытушысы; 
  • математик-аналитик, өз жұмыстарында математика әдістерін қолданатын өндірістік және басқару ұйымдарында, сақтандыру компанияларында, қаржы құрылымдарында маман;
  • ЖОО басшысы лауазымдарында жүзеге асыра алады.

ББ оқыту нәтижесі:

  1. Зерттеу нәтижелерін жоспарлау, үйлестіру, іске асыру және болжау, әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру;
  2. Математиканың іргелі бөлімдері бойынша терең және жан-жақты білімдерін көрсету, соның ішінде Соболев кеңістіктерінің теориясы, операторларды коммутативті емес талдау, стохастикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің келтірімділік теориясы, динамикалық жүйелер теориясы бойынша;ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді меңгеру, заманауи математика саласындағы өзекті мәселелерді шешу барысында ғылыми зерттеу әдістерін қолдану;
  3. Векторлық өрістің бағыттары бойынша жүйелерді, локалды емес шартты гиперболалық типті теңдеулерге арналған шеттік есептерді, параболалық типті теңдеулерге арналған қолданбалы есептердің көппериодты және периодты дерлік шешімдерін зерттеу үшін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйелері саласындағы теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану;
  4. Өзінің жаңа ғылыми идеяларын түрлендіру, ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстардың нәтижелерін докторлық диссертация түрінде жинақтау, кәсіби салада  ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда құзіретті болу;
  5. Дифференциалдық және интегралды-дифференциалдық теңдеулердің периодты шешімдерін көп өлшемді уақытпен табу әдістерін қолдану, көп периодты шешімнің тұрақтылығы және кіші параметр бойынша голоморфтылық туралы мәселені шешу; дифференциалдық теңдеу және жасанды интеллект теориясындағы ғылыми зерттеулер контекстінде жаңа идеяларды қалыптастыру;
  6. Математика бойынша заманауи ғылыми және  практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше білу, таңдап алынған бағыт бойынша зерттеулер, эксперименттік-зерттеулер жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
  7. Өзінің болашақ кәсіби дамуын жобалап және жоспарлай білу; арнайы салада, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі саласында жаңа білім алу дағдыларына ие болу; білім беру процесінде заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды, оның ішінде оқытудың цифрлық технологияларын, жасанды интеллект технологияларын қолдана білу;
  8. Заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдаланып, ғылыми ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу, сақтау және беру дағдыларын көрсете отырып, деректерді талдаудың заманауи әдістерін пайдалану;
  9. Динамикалық жүйелердің фазалық портреттерін құру және бағалау, детерминантталған хаос пен детерминантталмаған жүйелерді ажырату; динамикалық жүйені сапалы зерттеу мәселелерін шешу.

Практика және тағылымдамалар базасы:

Қ. Жұбанов атындағы АӨУ, Қолданбалы математика және информатика ҒО; ҚР ҒжЖБМ ҒК Математика және математикалық модельдеу институты, Қарақалпақ мемлекеттік Бердақ атындағы университеті, Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясы В.И.Романовский атындағы математика институты, Грозный мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Прага қаласындағы Чех техникалық университетінің Ядролық ғылымдар және физикалық инженерия факультеті және т.б.