Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл
Берілетін дәреже:
6B01512-Физика(IP) мамандығы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің саласы:
- жалпы білім беретін, оның ішінде көптілде оқытатын білім беру ұйымдары: мектептер, лицейлер, гимназиялар, оқу орындары мен орталықтары;
- техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары;
- физикалық зерттеу әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім бері мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
- ғылыми ұйымдар: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
- басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
- өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.
Кәсіби қызметінің пәні:
- оқу-тәрбие ісі: оқушылардың білім беру процестерін жобалау және басқару, қазіргі педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстарды орындау;
- ғылыми – зерттеу ісі: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми- зерттеу жұмыстарына қатысу, эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу;
- өндірістік-технологиялық іс: ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолданып ақпараттық қорларды өндіру мен өңдеудің технологиялық процестерін ұйымдастыруға қатысу.
Кәсіби қызметінің түрлері:
- білім беру: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары;
- ғылыми-зерттеушілік: физика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі салалары бойынша ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары;
- ұйымдастырушылық-тәрбиелік: мемлекеттік басқару ұйымдары, білім департаментері;
- басқару ұйымдары: мемлекеттік органдар, білім бөлімдері;
- өз жұмыстарында физикалық зерттеу әдістерін қолданатын түрлі жеке меншік формасындағы ұйымдар.
Практика базалары:
Ақтөбе қаласының мектептері.
Білім беру бағдарламасының сипаттамасы 6B01512 - «Физика (IP)»
«Физика (IP)» білім беру бағдарламасы – қазіргі заманғы оқыту әдістерін, цифрлық технологияларды, инклюзивті және құзыреттілікке негізделген білім беру талаптарын ескере отырып, физиканы жоғары деңгейде оқыта алатын жаңа буын білікті педагогтарын даярлауға бағытталған.
Бағдарлама терең физика-математикалық дайындықты заманауи педагогикалық тәсілдермен үйлестіре отырып, болашақ мұғалімдердің кәсіби, әдістемелік және зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Негізгі оқытылатын пәндер:
- Механика
- Молекулалық физика
- Электр және магнетизм
- Оптика
- Атомдық және ядролық физика
- Теориялық механика
- Математикалық физика
- Физиканы оқыту әдістемесінің негіздері
- Инклюзивті білім беру
- STEM-білім беру
- Оқытудағы цифрлық технологиялар
- Психологиялық-педагогикалық пәндер
Түлектер меңгеретін дағдылар:
- Заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде цифрлық ресурстар мен электрондық оқытуды меңгеру
- Интерактивті және зерттеушілік әдістерді қолдана отырып, физика пәні бойынша сабақтар әзірлеу және өткізу
- Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және бағалау
- Оқушылардың сыныптан тыс, ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін ұйымдастыру
- Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру
- Олимпиадалар мен ғылыми байқауларға дайындық жүргізу
- Өзін-өзі дамыту, кәсіби өсу және ғылыми-зерттеу жүргізу қабілеті
Мүмкін жұмыс орындары:
- Жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде физика пәні мұғалімі
- Физиканы оқыту әдістемесі бойынша әдіскер
- Тьютор, педагог-наставник, STEM бағытының үйлестірушісі
- Педагогтердің біліктілігін арттыру орталықтарындағы жаттықтырушы
- Оқушылардың ғылыми жобаларын ұйымдастырушы және үйлестіруші
Бағдарлама түлектері жаңартылған білім мазмұны, цифрландыру және инклюзивті практикаларды енгізу жағдайында тиімді педагогикалық қызмет атқаруға қажетті білім мен дағдыларға ие болады.