Оқу және ғылыми қызмет
Мамандықтар бойынша ғылыми дәрежелілік (2024-2025 оқу жылы)

Практика базалары:
- Ақтөбе қаласының № 56 жалпы білім беретін орта мектеп
- Ақтөбе қаласының №23 орта мектеп-лицейі
- Ақтөбе қаласының № 40 орта мектеп
- Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы
- Геолог мәдениет үйі
- Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы
- Облыстық халық шығармашылық үйі.
Дуалды оқыту элементтері
- Облыстық халық шығармашылық үйі
- №1 Балалар музыка мектебі
- Геолог мәдениет үйі
«Музыка және хореграфия» кафедрасының оқытушысы, Өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Театр қайраткерлері Одағының Басқарма мүшесі, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің вице-президенті, ҚР Жазушылар Одағы драматургия секциясының төрағасы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, театр және кино бөлімінің меңгерушісі Амангелді Оразбайұлы Мұқан 6В11102 – Мәдени-тынығу жұмысы ББ 3 курс білім алушыларына “Мәдени-тынығу жұмысының режиссура және драматургия” пәні бойынша сабақ жүргізіп, кафедраның профессор-оқытушылық құрамының қатысуымен шеберлік сағатын өткізді.
Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық (ПОҚ) (2023-2024 оқу жылы)
6В01401 – Музыкалық білім, 6В11102 – Мәдени тынығу жұмысы ББ білім алушыларына академиялық ұтқырлық аясында М.Ф.Ахундов атындағы Әзірбайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, Әзірбайжан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану философиясының докторы Илхам Ислам оглы Назаров 10 күндік Мастер класс өткізді.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
- Конференцияларға қатысушылар саны – 35
Барлығы: 35
МАГИСТРАТУРА

7М01401-Музыкалық білім ББ 1 курс магистранты Жаншина Аманқыз Төребекқызы «Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конферециясына қатысып «Музыка сабағында ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында баяндама оқыды.
Жетекшісі: п.ғ.к. доцент Мукеева Н.Е.

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ мен Өзбекстан Республикасы Чирчик мемлекеттік педагогикалық университеті өзара ынтымақтастық келісіміне сәйкес 2024 жылдың 21 қазан- 7 қараша аралығында “Музыка және хореография” кафедрасының доценті Н.Е.Мукеева және 7М01401-Музыкалық білім ББ 1 курс магистранты Ж.Н.Кадыр ғылыми-тағылымдамадан өтті.

Алматы қаласындағы Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында өткен Қ.И.Сәтпаевтың 125 жылдық мерей тойына арналған “Орталық Азия мен Қазақстанғы ғылымның қалыптасу тарихы және даму преспективалары” атты жас ғалымдар мен студенттердің V Халықаралық ғылыми-теориялық конферециясында Музыка және хореография кафедрасының 7М01401-Музыкалық білім ББ магистранты Жаншина Аманқыз Төребекқызы қатысып, жүлделі ІІІ Дәрежелі Дипломмен және Сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: кафедрамыздың доценті п.ғ.к. Нұржамал Ерсайынқызы Мукеева

7М01401-Музыкалық білім ББ 1-2 курс магистранттары К.Ералықызы, А.Т.Жаншина, А.Н.Ордабаева және п.ғ.к. доцент Н.Е.Мукееваның ұйымдастыруымен “Ғылым айы-2024” аясында “ Музыкалық педагогикасын зерттеудегі обьективті және субьективтік арақатынасының әдіснамалық принциптері” атты семинар өтті.


“Заманауи музыкалық білім, мәдениет және өнер саласының мәселелері мен болашағы” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конферециясы өтті. Конференцияға Өзбекстан Республикасы «Чирчик» мемлекеттік педагогикалық университетінен, Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен, Орал қаласы М.Өтеміс атындағы Батыс Қазақстан университетінен және өзіміздің «Музыка және хореография» кафедрасынан баяндамашылар қатысты. Конфереция соңы кафедармыздың концертімен қорытындыланды.


Кәсіби - шығармашылық факультеті Музыка және хореография кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ музыкант-мұғалім мен орындаушыны дайындаудағы хор өнерінің даму мәселелерімен перспективалары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында: Алматы қаласынан келген Жаманбаев Базарғали Әжиұлы - ҚР халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері, Ахмет Байтұрсынов атындағы Алтын орденнің иегері, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлау» кафедрасының меңгерушісі;
Алагөзов Тұрым Сағидоллаұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, дирижер, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хорының алғашқы көркемдік жетекшісі және дирижері және де шет елдерген келген қонақтарымыз Шпак Галина Сергеевна – Өнертану ғылымының кандидаты, А.В.Нежданов атындағы Одесса ұлттық музыкалық академиясының профессоры, Мыколы Лысенко және Мыколы Леонтович ұлттық сыйлығының лауреаты (Украина, Одесса қ)
Евгений Устинсков – Даугавпилс музыкалық колледжінің хор класының жетекшісі, Даугавпилс театрының музыкалық директоры, дирижер, композитор, доктор (Латвия, Даугавпилс қ)
Бодяко Инесса Михаиловна – Белорусия мемлекеттік музыка академиясының студенттік хор ұжымының дирижері және көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Белорусия хор ассоцияциясының төрагасы, Interkultura Бүкіләлемдік хор кеңесінің мүшесі, қытай мемлекеті Аньян педагогикалық университетінің құрметті профессоры, доцент (Белоруссия, Минск қ)
Кухмазова Юлизана Шафиевна – Әзірбайжанның еңбек сіңірген артисі, өнертану ғылымдарының докторы, доцент, М.Магомаев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Мемлекеттік капелласының дирижер-хормейстері (Әзірбайжан, Баку қ)
Соловьев Александр Владиславович – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі және дирижері, профессор, В.С.Попов атындағы хор өнер академиясының ректорының м.а, халықаралық байқаулардың

Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Кәсіби-шығармашылық факультеті Музыка және хореография кафедрасының ұйымдастыруымен Кеңестік халық ақыны, әнші, композитор, КСРО жазушылар одағы мен композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ақын-жырау Кенен Әзірбаевтың 140 жылдық мерейтойына арналған «Алатаудың ақиығы» атты танымдық кеші өтті.


“Музыка және хореография” кафедрасының ұйымдастыруымен “Мәдениет және өнер құндылықтарының заманауи формадағы даму әдістері” атты IV Республикалық дәстүрлі әдістемелік семинары online/ offline түрінде өтті.
Семинарға 250-ге жуық: Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-ң ПОҚ, қала қонақтары, білім мекемелерінің, шығармашылық орталықтарының директорлары, түлектері, қала және аудан мектептерінің музыка пәні мұғалімдері қатысты.