Біздің түлектер және жұмысқа орналасуы

Арынгазиева Айгуль Амангазыевна 1974 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын №3 Алға орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары Ақтөбе қаласындағы №22 мектептің директоры, 2009-2011 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бастығы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бастығы, 2012 жылдан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, қазіргі уақытта «BILIM» мектеп – гимназиясының директоры қызметін атқаруда.

Айтбаева Светлана Ермековна 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі болып қызмет атқарды. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты. 2010 жылы ол облыстық филармония жанындағы Балалар студиясының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды Есімі «Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары» айдары бойынша «Қазақстанның үздік адамдары» кітап-энциклопедиясына енген. Облыстық мәслихаттың 25 жылдығы медалімен, Астана қаласының 20 жылдығы мерейлік медалімен марапатталған.

Тұрмағамбетова Бақыт Жолдыбайқызы 1996 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка және ән» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірді. 2010-2012 жылдары дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері. 2018-2019 мемлекеттік ғылым саласындағы стипендия иегері. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Ұлттық музыка контекстіндегі Батыс аймағының ән мәдениеті» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. Бүгінгі күні Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Музыка және өнер» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, музыкатанушы.

Зейнуллина Жангак Ершековна Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің музыка факультетін бітірді. «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Қ. Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің музыка және хореография кафедрасының доценті. 40 жыл ұстаздық қызметінде күш-жігерін болашақ маман жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, сабақтан тыс эстетикалық тәрбие беруде көптеген мәдени іс-шараларға арнады. Облыс, қала мектептерінің мұғалімдеріне «Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру» тақырыбында үнемі кеңес береді.
Шығарылған еңбектері: «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру» монографиясы, «Музыка бағдарламасына қосымша интеграциялап оқыту» 1-3 сыныптар үшін әдістемелік құрал, «Жоғары оқу орнындарында сабақтан тыс эстетикалық тәрбие жұмыстары» әдістемелік құрал, «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» оқулығының авторы. Бұған қосымша «Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» арнайы курс бағдарламасын университеттің оқу үрдісіне енгізді.

Нұрболат Абдуллин 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген. Танымал орындаушы, Қазақстанда ғана емес, Түркия, Моңғолия және Қытай елдеріне белгілі әнші. Астана және Алматы қалаларының Әкімдері атындағы конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының солисті.

Асхат Ұзақбайұлы Тарғынов- Қазақстан эстрадасының әншісі. 2004 жылғы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді.

Арман Жиеналиев — 2012 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ эстрадасының әншісі. Ақтөбе қаласының «Геолог» мәдениет үйінің директоры.

Зейнелов Бахитбек Жубатканович – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені кавалері, доцент. Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе Облыстық филармониясының «Достық сазы» фольклорлық-ансамблінің жетекшісі. Қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы АӨУ «Музыка және хореография» кафедрасының доценті.

Менкешева Толкын Максимовна 1995 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтының музыка факультетін бітірді. «Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруда болашақ мұғалімді дайындау» тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институты музыка кафедрасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды. Қазір Канаданың Калгари қаласында ғылыммен айналысуда.

Медет Жұмабайұлы Искаков - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 2004 жылғы «Музыка» мамандығының түлегі. Медет Жұмабайұлы Искаков 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Музыка» мамандығы бойынша, ал 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022–2023 жылдары Ақтөбе қаласының Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. 2023 жылдан 2026 жылғы 28 қыркүйекке дейін Мәртөк ауданының әкімі болды. Қазіргі уақытта Медет Жұмабайұлы Искаков Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарады.