Шифр-мамандықтың атауы:
6В11102 – Мәдени – тынығу жұмысы
Аккредитациядан өтуі (өткен жылы, өткен мерзімі):
6В11102 – «Мәдени – тынығу жұмысы» ББ «Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциасы KAZSEE» аккредитациясынан 5 жыл мерзімге аккредитациядан өту сертификатын алды (06.03.2023ж. – 05.03.2028ж.) .

Оқу түрі, мерзімі:
Күндізгі: 4 жыл, 3 жыл
Берілетін дәреже:
6В11102 – «Мәдени – тынығу жұмысы» ББ бойынша мәдени – тынығу жұмысының бакалавры
Кәсіби қызметінің саласы:
- Мәдениет және өнер: мемлекеттік және жекеменшік мәдениет мекемелері, мәдени-демалыс орталықтары;
- Әлеуметтік сала: халықтың бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени жобаларды басқару;
- Туризм және демалыс: демалыс аймақтарындағы мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру;
- Білім беру және тәрбие: мектептен тыс мекемелердегі шығармашылық үйірмелер.
Кәсіби қызметінің нысандары:
- Мәдени – демалыс қызметі ұйымдары;
- Клуб мекемелері, мәдениет үйлері, халық шығармашылық үйлері;
- Шығармашылық орталықтары;
- Мектептен тыс білім беретін ұйымдар;
- Мәдени – ағарту ұйымдары;
- Мәдени – тынығу мекемелері
Кәсіби қызметінің пәні:
- үздіксіз және қосымша білім беру жүйесіндегі мәдени – тынығу қызметі;
- шығармашылық ұжымды ұйымдастыру және басқару.
Тәжірибе базалары:
- «Геолог» мәдениет үйі;
- Облыстық халық шығармашылық үйі;
- Қалалық мәдениет үйі;
- «Сазды» мәдениет үйі.
