ДЮСЕКОВ ТАЛГАТ ПЕТРОВИЧ

Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор, «ORKIN» ЖШС директоры

Дюсеков Талгат Петрович

(26.11.1980 ж., Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор, «ORKIN» ЖШС директоры

(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 2025 жылғы 12 наурыздағы №107 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрамға 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрықпен сайланды).

Білімі:

  • Измир қ. "DOKUZ EYLUL" университеті (Түркия) (2006 ж., Мемлекеттік және жергілікті басқару); 
  • ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2010 ж., мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, үздік диплом); 
  • Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті(2015 ж., мұнай-газ ісі, үздік диплом).

Біліктілікті арттыру:

  • Басқару мәдениетін жетілдіру, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2009; 
  • Серіктестік қатынастарды дамыту, "Тұран-Профи" Халықаралық кәсіби академиясы, 2009; 
  • Білім берудегі көшбасшылық, "Sussex" университеті, Брайтон & Хов, Ұлыбритания, 2013; 
  • Қаржы нарықтары, Йель университеті, АҚШ, 2021;

Еңбек өтілі:

  • Халықаралық қатынастар бөлімінің үйлестірушісі, Измир қ. әкімшілігі (Түркия) (2002); 
  • Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру және мониторинг бөлімінің бас маманы, "Павлодар қаласының қаржы бөлімі" ММ (2006-2007); 
  • Қала әкімінің көмекшісі, "Павлодар қаласы әкімінің аппараты" ММ (2007-2009); 
  • Жастар саясаты секторының басшысы, "Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ (2010); 
  • Астана қаласы бойынша өңірлік директор, "CentrAsia Trade" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Centrasia Group Мұнай Сервис холдингі (Астана қ.) (2011-2013); 
  • Павлодар қ. Назарбаев зияткерлік мектебінің сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы (2013-2014); 
  • Жоба жетекшісі, Сауда-логистикалық орталық (Астана қ., Шымкент қ.) (2014-2016); 
  • Президент, "Асық ату" Республикалық Федерациясы (2022-2023); 
  • Кәсіпкер. Брендтің негізін қалаушы. Халықаралық жобаларды іске асыру (ORKIN, Pest Control Products) (2016-2024); 
  • Президент. "Шахтер" футбол клубы" АҚ Басқарма төрағасы (11.2024 ж. бастап);
  • «ORKIN» ЖШС директоры.

 

ЖАЙЖУМАНОВА АСЕМГУЛЬ АБАЕВНА

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы

Жайжуманова Асемгуль Абаевна

(05.02.1979, Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы

(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №408 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрамға 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрықпен сайланды).

Білімі:

  • С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университеті (2000 ж., экономист-менеджер).

Еңбек өтілі:

  • Ұлттық компаниялар бөлімінің жетекші маманы (2000-2003 жж.);
  • Ұлттық компаниялар бөлімінің бас маманы (2003-2004 жж.);
  • Ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлім бастығының м.а. (2004-2005 жж.);
  • Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың ұлттық компаниялармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы (2005-2008 жж.);
  • Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы (2008-2021 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (2021 ж. бастап).

 

КАРАБАСОВА ЛАУРА ЧАПАЕВНА

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры

Карабасова Лаура Чапаевна

(31.03.1987, Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры

(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 2021 жылғы 5 қазандағы №502 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрамға 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрықпен сайланды).

Білімі:

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (2008 ж., «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы, үздік диплом);
  • Уорик университеті, Ұлыбритания (2013 ж., «Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, үздік диплом);
  • Назарбаев Университеті (Кембридж Университімен әріптестік аясында) (2018 ж., «Білім беру» мамандығы бойынша докторантура).

Еңбек өтілі:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Білім беру бағдарламалары орталығының (Нұр-Сұлтан) Үш тілде білім беру бойынша аға менеджер (2013-2015жж.);
  • Қазақстанның жоғары оқу орындары басшыларын оқыту бойынша жоба менеджері, Қосымша білім беру департаменті, Назарбаев Университеті (2014-2015 жж.);
  • «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ Жобалар департаментінің талдаушысы (2016- 2017 жж.);
  • Назарбаев Университеті, Білім жетілдіру орталығының (Нұр-Сұлтан) Білім беру және кәсіби бағдарламалар департаментінің басшысы (2017-2018 жж.);
  • Назарбаев Университеті, Жоғары білім беру мектебінде постдокторант-зерттеуші (2018-2021 жж.);
  • Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (2021 ж.);
  • Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-нің Басқарма төрағасы – Ректоры (2021 ж. бастап).

 

ЕМЕЛЬБАЕВ РУСЛАН ТОХТАРБЕКОВИЧ

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі

Емельбаев Руслан Тохтарбекович

(17.12.1981 ж., Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі

(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет Жалғыз акционердің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрам).

Білімі:

  • Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті («Тарих» мамандығы).

Еңбек өтілі:

  • Тарих пәнінің оқытушысы, «Достық» білім беру орталығы, Алматы қ. (2015–2016 жж.);
  • Қоғаммен байланыс жөніндегі директор, «Education Consulting» ЖШС (2016–2017 жж.);
  • Қоғаммен байланыс жөніндегі директор, «EduCon» ЖШС (2017–2019 жж.);
  • «EduCon» ЖШС жоба директоры (2019–2021 жж.);
  • Тарих пәнінің мұғалімі (қоса атқарушы), «Білім-инновация» лицей-интернаты (2019–2021 жж.);
  • «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКП директорының орынбасары (2021 ж.);
  • «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКП директоры (2021–2024 жж.);
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі кеңесшісінің м.а. (15.04.2024–03.07.2024 жж.);
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі (04.07.2024 ж. – қазірге дейін).

 

ОРАЗАЛИЕВА ЗАБИРА ЖАНДАРОВНА

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КеАҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры

Оразалиева Забира Жандаровна

(26.03.1974, Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КеАҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры

(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 2021 жылғы 18 ақпандағы №64 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрамға 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрықпен сайланды).

Білімі:

  • Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1997 ж., заңгер);
  • Астана Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (2010 ж., экономика және қаржы бакалавры);
  • Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2011 ж., іскерлік әкімшілік магистрі);

Еңбек өтілі:

  • Бас пионер жетекші, Пролетар орта мектебі, ОҚО, Маятас ауылы, (1992-1993 жж.);
  • Заңгер, «Луч» тігін фабрикасы, ОҚО, Леңгір қ. (1993-1995 жж.);
  • Бас заңгер-кеңесші, Ұлттық банктің облыстық басқармасы, Шымкент қ. (1995-1996 жж.);
  • Жетекші заңгер, Бюджеттік банктің облыстық басқармасы, Шымкент қ. (1996-1998 жж.);
  • Жетекші маман, бас маман, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, заң бөлімі директорының орынбасары, Қаржы министірлігі, Астана қ. (1998-2005 жж.);
  • Бақылау қызметі департаменті директорының орынбасары, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Астана қ. (2005-2006 жж.);
  • Заң департаментінің директоры, Қаржы министірлігі, Астана қ. (2006-2008 жж.);
  • Компания президенті, «Қаржы орталығы» АҚ, Астана қ. (2008-2013 жж.);
  • Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы, Білім және ғылым министірлігі, Астана қ. (2013-2014 жж.);
  • Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, Білім және ғылым министрлігі, Астана қ. (2014-2017 жж.);
  • Медициналық қызметтер пайдаланушыларымен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор-Басқарма мүшесі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ, Астана қ. (2017-2019 жж.);
  • Дүниежүзілік банктің несиесі шеңберінде жобалық кеңсесінің құқықтық мәселелері бойынша кеңесші, Денсаулық сақтау министрлігі, Нұр-Сұлтан қ. (2019-2020 жж);
  • Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ, Нұр-Сұлтан қ. (2020 ж. қыркүйектен бастап).

 

ЕМБЕРДИНОВА МАРЖАН КЕМПИРБАЕВНА

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Astana IT University» ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі кеңесші

Ембердинова Маржан Кемпирбаевна

(11.08.1982 ж., Қазақстан Республикасы)

Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, «Astana IT University» ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі кеңесші

(Қоғамның Директорлар кеңесіне алғаш рет Жалғыз акционердің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №587 бұйрығымен сайланды, қолданыстағы құрам).

Білімі:

  • Еуразиялық Нарық институты (2003 ж., экономист-қаржыгер);
  • Таллин Менеджерлер мектебі (Tallinn School of Management) (2015 ж.);
  • Project Management Institute (2016 ж., Project Management Professional сертификаты);
  • «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университеті, Мәскеу қ. (2017 ж., MBA дәрежесі, «Стратегиялық менеджмент»);
  • Professional Evaluation and Certification Board (PECB) – ISO 31000 Certified (2016 ж., 2018 ж., Lead Risk Manager).

Еңбек өтілі:

  • ШОБ несиелеу бөлімінің кіші кредиттік офицері, «Банк ЦентрКредит» АҚ АГФ кредиттік кеңсесі, Алматы қ. (2003 ж.);
  • ШОБ несиелеу бөлімінің кредиттік офицері, «Банк ЦентрКредит» АҚ АГФ кредиттік кеңсесі, Алматы қ. (2004–2005 жж.);
  • Кредиттік тәуекелдер департаментінің Кредиттік тәуекелдер басқармасының жетекші, бас кредиттік тәуекел-менеджері, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қ. (2006 ж.);
  • ШОБ жобалары бойынша тәуекелдерді үйлестіру, дамыту және бағалау бөлімінің басшысы, Кредиттік тәуекелдер басқармасы, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қ. (2007–2009 жж.);
  • Кредиттік тәуекелдер департаментінің ірі жобалар бойынша кредиттік тәуекелдер басқармасы басшысының орынбасары, ірі жобалар бойынша кредиттік тәуекелдерді бағалау бөлімінің басшысы, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Алматы қ. (2009–2010 жж.);
  • Стратегиялық және кредиттік тәуекелдер жөніндегі тәуекел-менеджмент департаментінің бас менеджері, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (2011–2013 жж.);
  • Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (2013–2016 жж.);
  • Тәуекел-менеджмент қызметінің басшысы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (2018–2020 жж.);
  • Бақылау кеңесінің шақырылған мүшесі, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі кеңесші, «Astana IT University» ЖШС (2018–2025 жж.);
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ (2020–2023 жж.);
  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КЕАҚ (2023–2025 жж.);
  • «Лидер НС» кәсіби оқыту орталығының бизнес-тренері (2018 жылдан бастап).