Сұлтан Жайық Исаұлы

Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор – ректордың міндетін атқарушы

Лауазымы: Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор – ректордың міндетін атқарушы

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты

Білімі

Жайық Сұлтан 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.

2007 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2014 жылы Ұлыбританияның UK NARIC орталығы оның ғылыми біліктілігін Ұлыбританиядағы PhD деңгейіне сәйкестігін растады.

2009 жылы Малайзиядағы Limkokwing University of Creative Technology университетінде, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы Brunel University London университетінде білім алды және кәсіби тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолы

Жайық Исаұлы білім беру саласында педагогикалық, ғылыми, басқарушылық және халықаралық жобаларды іске асыру бағыттарында еңбек етіп келеді.

Әр жылдары білім беру ұйымдарында және мемлекеттік басқару жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

Халықаралық ұйымдармен бірлескен білім беру жобаларында жұмыс істеді. Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы білім беру жобасында Ұлттық жоба үйлестірушісі болып, жалпы құны 67 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыруға қатысты.

UNICEF жүйесінде білім беру саласындағы мониторинг және бағалау мәселелері бойынша консультант ретінде қызмет атқарды.

2023-2025 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы болды.

Кейін BINOM EDUCATION ұйымында бизнесті дамыту бағытына жетекшілік етті.

2026 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы директорының бірінші орынбасары қызметін атқарып, жоғары білімге қабылдау және ұлттық тестілеу жүйесін жетілдіру, халықаралық бағалау ұйымдарымен ынтымақтастық бағыттарына жетекшілік етті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеді.

2026 жылғы қыркүйектен бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор – ректордың міндетін атқарушы қызметін атқарады.

Кәсіби және ғылыми қызметі

Білім беру саясаты, білім сапасын бағалау, жоғары білімге қабылдау жүйелері, педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру аналитикасы және халықаралық салыстырмалы зерттеулер бағыттарында тәжірибесі бар.

Халықаралық International Baccalaureate (IB) жүйесінде бірнеше жылдан бері сарапшы-емтихан алушы ретінде қызмет атқарады, Diploma Programme бағдарламасының Kazakh A: Literature пәні бойынша Principal Examiner міндетін атқарған.

Білім беру саласындағы халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Дүниежүзілік банк, UNICEF және халықаралық бағалау мен тестілеу ұйымдарымен бірлескен жобаларға қатысқан.

Ғылыми және сараптамалық еңбектердің, жасанды интеллект, білім беру саясаты мен әдебиеттану мәселелеріне арналған жарияланымдардың авторы. Халықаралық деңгейде, оның ішінде UNESCO аясындағы ғылыми басылымда жарияланымы бар.

Марапаттары

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының сыйлығына ие болды.

2012 жылы Мұхтар Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасына ие болды.


Бекназаров Рахым Ағыбайұлы

Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор

Ғылыми атағы: Тарих ғылымдарының докторы

Ғылыми дәрежесі: «Тарих және аймақтану» кафедрасының профессоры, доцент

E-mail: rbeknazarov@zhubanov.edu.kz

1967 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі

Бекназаров Рахым Ағыбайұлы-1993 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп, тарих, қоғамтану және мемлекеттік құқық мұғалімі мамандығын алды, тарих факультетіне оқытушы болып қабылданды.

1994 жылы Алматы қаласындағы ҚР ҰҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының іштей аспирантурасына оқуға түседі. 1999 жылы «Қазақтардың дәстүрлі тас қашау өнері» тақырыбында диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолы

1999-2003 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетінің аға оқытушысы, доценті болып жұмыс жасап, декан орынбасары, декан, «Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихы» кафедрасының меңгерушісі – әкімшілік қызметтерін атқарды.

2003 жылдың желтоқсанынан бастап Алматы қаласындағы ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология және антропология бөлімінің докторанты болды. 2010 жылдың желтоқсанында «ХІХ ғ. – ХХ ғ.басындағы Солтүстік Арал маңының қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ЖАК доценті атанды (2009).

2001 және 2002 жылдары Ташкент қаласында Орталық Азияны зерттейтін Француз институтында (IFEAC) ғылыми тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін арттырды. 2006 жылы Париж қаласында (Франция) Адам институтында Дидро бағдарламасы (MSH, Programme Diderot) шеңберінде тарих профессоры Винсент Фурньоның жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, АқМемПИ-дің ОМБ бастығы (2013), Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің ООМЖ бойынша проректордың м.а. болып қызметін атқарды (2014).

115-тен аса ғылыми мақалалар, 2 монография (біреуі біріккен авторлықта), 3 авторлық ұжым құрамындағы монография жариялады.

Қазақстан Республикасындағы және көршілес территориялар – Ресей, Моңғолия, Қытайдағы дәстүрлі қазақ этнографиясы, этноархеология, ескерткіштану, диаспорология салаларында ғылыми зерттеу экспедицияларының маманы және ұйымдастырушысы болып табылады. ҚР БҒМ 2 гранттық жобаның жетекшісі, 3 ғылыми гранттық жобаның бірлесіп орындаушысы болды. 2010 жылдан бастап ҚР БҒМ-нің ғылыми гранттық жобалар бойынша АО «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның сараптамашысы. 2015 жылдан бастап «Қазақстан–Ақтөбе» телеарнасында ғылыми-көпшілік «Тарих тағылымы» бағдарламасын жүргізеді.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры болып жұмыс атқаруда.


Хусаинов Дастан Сақтағанұлы

Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, Стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректор

E-mail: dkhussainov@zhubanov.edu.kz

1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Білімі

Хусаинов Дастан Сақтағанұлы - 2010 жылы АҚШ-тың Texas A&M университетінің инженерлік факультетін Аэроғарыш инженериясы мамандығы бойынша (бакалавриат) тәмамдаған.

2013 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде магистратураны Механика мамандығы бойынша аяқтады.

2019 жылы Омбы гуманитарлық академиясының экономика факультетінде Экономика мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолы

2011 жылдан 2012 жылға дейін «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының UCL Foundation зертханалық орталығында ассистент оқытушы болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ келісімшарттық зерттеулер және инжиниринг бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ оқу зертханаларының директоры қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның «Research and Innovation System» ЖМ қызметтерді дамыту жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.

2018-2022 жылдары «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ұжымдық пайдалану кеңсесін, пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенін басқарды.

Ғылыми және зертханалық инфрақұрылымды құру/дамыту, сервиске бағытталған құрылымдар мен бизнес процестерді, инновациялық даму мен кәсіпкерлік аймақтарды құру саласын меңгерген маман.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Стратегиялық даму жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.


Есенбаева Гүлнар Есімқанқызы

Басқарма мүшесі, Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор

E-mail: gyessenbayeva@zhubanov.edu.kz

1973 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында

Білімі

Есенбаева Гүлнар Есімқанқызы – 1994 жылы Қарағанды кооперативтік институтын тәмамдаған.

Еңбек жолы

1996 жылдан 2002 жылға дейін Ақтөбе қаласы Қазынашылық департаментінің Ақтөбе қаласы бойынша жетекші бухгалтері қызметін атқарды.

2002 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе қаласының «Ақтөбе облыстық газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-нің экономисі болып жұмыс атқарды.

2004 жылдан 2005 жылдары Ақтөбе қаласы «Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты» МКҚК бас есепшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2005 жылдан 2017 жылға дейін Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясының экономика және қаржы бөлімінің жетекші экономисі – «Қазақтелеком» АҚ филиалында жұмыс істеді.

2018 жылдан 2021 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ Батыс РДТ-филиалының экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдың қаңтар айынан жаңа орынға тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Корпоративтік сату бөлімінің қаржыландыру және шығындар есебі бөлімінің жетекші экономисі қызметін атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректоры қызметін атқаруда.


Қартжан Нарқозы Есенгелдіұлы

Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Лауазымы: Басқарма мүшесі, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Академиялық дәрежесі: PhD

E-mail: nkartzhan@zhubanov.edu.kz

1995 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі

Қартжан Нарқозы Есенгелдіұлы- 2017 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Шетел филологиясы" мамандығы бойынша бакалавр, 2019 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде "Филология" мамандығы бойынша магистратура, 2023 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде "Филология" мамандығы бойынша докторантура аяқтаған.

2023 жылы «Ертегі дискурсындағы ақыл-ой әрекетінің концептосферасы (Қазақ-ағылшын қиял-ғажайып ертегілері негізінде)» атты диссертациясын қорғап шықты.

Еңбек жолы

  • 2017-2019жж. Новый орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі; 
  • 2019ж. наурыз-қыркүйек. «Bright» ағылшын білім беру орталығының директоры; 
  • 2019ж. қыркүйек-желтоқсан. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы;
  • 2019ж. желтоқсан-2020ж. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы;
  • 2020-2021 жж. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің маманы;
  • 2020-2022 жж. «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының Ақтөбе облысы бойынша басшысы;
  • 2021-2022 жж. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушысы;
  • 2022-2023 жж. Ғылым және инновация департаментінің жетекші ғылыми зерттеушісі;
  • 2023-2025 жж. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры;
  • 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры.