08/12/2025
Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына оқуға түсу үшін ағылшын тілінен емтихан өтті

Жұбанов университетінің базасында британдық Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін кезекті AET ағылшын тілі емтиханы өткізілді. Бұл емтиханға 100-ден астам адам қатысты. AET – тегін тілдік емтихан, ол IELTS сертификаты жоқ немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған талапкерлер үшін өткізіледі. Сонымен қатар, Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусына түсу үшін ҰБТ сертификатының болуы міндетті. Heriot-Watt университетінде үш мамандық бойынша студенттерді қабылдау жүргізілуде: «Мұнай инженериясы және энергия менеджменті» «Электроэнергетика» «Компьютерлік инженерия». …

Ары қарай оқу
08/12/2025
Халықаралық сарапшылар бірқатар білім беру бағдарламаларына сыртқы бағалау жүргізді

3-4 желтоқсан күндері Халықаралық ASIIN агенттігінің сарапшылары физика-математика факультетінің 10 оқу бағдарламасын аккредитациялау мақсатында сыртқы бағалау жүргізді.  Сараптама барысында оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне және білім беру сапасына жан-жақты талдау жүргізіліп, физика және математика білім беру бағдарламалары жеке кластер ретінде қарастырылды. Әр кластер құрамында Германияның Фехта және Лейбниц университеттері, Регенсбург қолданбалы ғылымдар университеті, Кобленц қолданбалы ғылымдар университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ақтөбе қаласындағы …

Ары қарай оқу
05/12/2025
Yandex Qazaqstan бас директоры студенттермен технологиялық үрдістерді талқылады

Жұбанов университеті мен Heriot-Watt University Ақтөбе кампусының IT мамандықтарында білім алатын студенттер Yandex Qazaqstan компаниясының бас директоры Тимур Шалекеновтың қатысуымен өткен қонақ дәріске қатысты. Кездесу барысында спикер технологиялық саланың заманауи даму үрдістері, цифрлық экожүйенің қалыптасуы және Қазақстандағы IT-нарықтың болашағы туралы жан-жақты ақпарат берді. Тимур Шалекенов Yandex Qazaqstan компаниясындағы стратегиялық бағыттар, сервистер экожүйесін кеңейту және халықаралық тәжірибені жергілікті нарыққа бейімдеу тетіктері жөнінде баяндады. Сонымен қатар BTS Digital холдингінде жетекшілік еткен кезеңіндегі …

Ары қарай оқу
03/12/2025
Сән индустриясындағы жаңа леп: Zhubanov Fashion Show

Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін таныту және кәсіби қолдау көрсету, өндірістік ортада тәжірибе алмасуына жағдай жасау, сән индустриясындағы жаңа бағыттарды насихаттау мақсатында Zhubanov Fashion Show сән көрсетілімі ұйымдастырылды.  Сән көрсетілімінде спорттық үлгідегі балаларға арналған киімдер, заманауи үлгіде тігілген ұлттық нақыштағы киімдер, ерекше стильде дайындалған бас киімдер топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Әр топтама көрнекі дизайнымен, түстер мен маталардың үйлесімділігімен ерекшеленіп, шараның мазмұнын айшықтай түсті. Шараға қатысқан өңірдегі тігін шеберханалары мен сән үйлерінің …

Ары қарай оқу
01/12/2025
Грант және ҰБТ: грантта оқу мүмкіндіктерін арттыру туралы университет талдауы

Жұбанов университетінде 2026 жылы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу және мемлекеттік гранттар бойынша ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің өкілдері мен Жұбанов университетінің басқарма мүшелері, Heriot-Watt University және Global College мамандары қатысып, ата-аналарға маңызды жаңалықтар мен өзекті мәліметтер ұсынды.  Кездесу барысында мамандар Heriot-Watt университетіне қаңтар және наурыз айларында өтетін ҰБТ нәтижелерімен мемлекеттік грантқа өтініш беруге болатынын атап өтті. Бұл түлектерге инженерлік және техникалық бағыттарда халықаралық деңгейдегі сапалы білім алуға, Heriot-Watt …

Ары қарай оқу
01/12/2025
Жартылай финалға жолдама

Жұбанов университетінің пікірсайысшылар командасы «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының жартылай финалына өтті.  Биылғы маусымның таңдаулы қатысушыларын біріктірген жобада жартылай финалға өткен үздік 4 команда қатарында Жұбанов университетінің білім алушылары да бар. Интеллектуалды додаға қатысушылар тек білімнің тереңдігін ғана емес, сонымен қатар ұтымды сөйлеу мәдениетін, логикалық тұжырымдар жасау және қоғамдағы мәселелерге сыни талдау жасау қабілетін көрсетті. Пікірсайысшыларымыздың жартылай финалға шығуы – олардың күрделі әлеуметтік-саяси, тарихи және мәдени тақырыптар бойынша терең білімдері мен дайындықтарының …

Ары қарай оқу