10/11/2026
IT жобалар көрмесі: болашаққа қадам

10 қараша – Цифрландыру күніне орай Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде білім алушылардың инновациялық IT жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – студенттердің цифрлық және технологиялық құзыреттерін дамыту, IT саласындағы әлеуетін таныту және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру. Сонымен қатар жастарды жасанды интеллект, робототехника және өзге де заманауи технологияларды меңгеруге, оларды нақты мәселелерді шешуде тиімді пайдалануға ынталандыру көзделді. Көрме барысында студенттер робототехника, заттар интернеті (IoT), жасанды интеллект және …

Ары қарай оқу
10/11/2026
Жұбанов университеті кәсіби бағдар беру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Білім беру саласындағы серіктестікті нығайту, кәсіби бағдар беру тәжірибесін жетілдіру және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің өкілдері Астана қаласында өткен XV NIS Conference 2026 халықаралық конференциясында университет тәжірибесін ұсынып, білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды талқылады. Конференцияға университет атынан Қабылдау және мансапты дамыту департаментінің директоры Әміре Жұмағазиев пен Қосымша білім беру департаментінің директоры Жадыра Мұзбаева қатысты. …

Ары қарай оқу
09/11/2026
Адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға арналған профилактикалық кездесу өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында адам саудасы мен киберұрлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілдері, полиция подполковниктері Олжас Оспанов пен Асқар Иманов, сондай-ақ «Дәріс-2016» қоғамдық қорының атқарушы директоры, ҚР ІІМ-нің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшесі Гүлнұр Идигеева қатысты. Кездесу барысында мамандар адам саудасының түрлері, …

Ары қарай оқу
09/11/2026
Студенттерге – жаңа мүмкіндік, білімге – жол! 🎓

Білімге қолжетімділікті арттыру және талантты жастарды қолдау – Жұбанов университетінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта 2026–2027 оқу жылында университет пен әлеуметтік серіктес компаниялар білім алушыларға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер ұсынып, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Атап айтқанда, университет тарапынан 191 білім алушыға оқу ақысы бойынша жеңілдіктер берілді. Жеңілдіктер 100%, 50%, 35%, 25% мөлшерінде, сондай-ақ 100 000–150 000 теңге көлемінде ұсынылды. Бұл – жастардың сапалы білім алуына, кәсіби әлеуетін дамытуына және …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер мен ортақ жауапкершілік

Жастардың ел болашағындағы рөлі, азаматтық белсенділік және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары – университет қабырғасында өткен TED-style пікір алаңының негізгі тақырыбына айналды. 5 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғылыми кітапханасында «Жолдау және жастар: жаңа мүмкіндіктер, ортақ жауапкершілік» тақырыбында TED-style форматындағы пікір алаңы ұйымдастырылды. Басқосуда Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер және жас буынның ел дамуына қосатын үлесі кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты …

Ары қарай оқу
06/11/2026
Жұбанов университетінде инклюзивті білім беру бойынша халықаралық бағдарлама өтті

2–6 қараша аралығында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хериот-Уатт халықаралық кампусында профессор-оқытушылар құрамына арналған 80 сағаттық «Promoting and Sustaining Inclusive Higher Education Systems» біліктілікті арттыру бағдарламасы өтті. Бағдарлама аясында кампустың 20 оқытушысы кәсіби біліктілігін арттырды. Бағдарламаны Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі әзірледі. Офлайн дәрістер мен практикалық сабақтарды өткізу үшін Ақтөбеге қауымдастырылған профессор Сурап Мукхопадхьяй арнайы келді. Сонымен қатар бағдарламаға Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің сарапшылары қатысты: ▪️ …

Ары қарай оқу