30/10/2026
Zhubanov University ғылыми жобаларды коммерцияландыруға басымдық береді

Zhubanov University мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының Ақтөбе филиалы бірлесіп, ғылыми идеяларды коммерцияландыруға бағытталған «Business Incubation – 2026» бағдарламасын іске қосты. Бір айлық бағдарлама аясында университет оқытушылары тәжірибелі кәсіпкерлермен бірлесіп, ғылыми әзірлемелерді бизнес-жобаға айналдыру, бизнес-модель құру, қаржылық жоспарлау және инновациялық өнімдерді нарыққа шығару жолдарын меңгереді. Бастаманың негізгі мақсаты – университеттің ғылыми әлеуетін нақты экономикалық нәтижеге бағыттап, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік жасау.

Ары қарай оқу
30/10/2026
Жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу тәсілдері таныстырылды

Жұбанов университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Жасанды интеллектіні оқу үдерісіне интеграциялау: заманауи құралдар мен әдістемелік мүмкіндіктер» тақырыбында воркшоп өтті. Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект бағыты бойынша біліктілігін арттырған оқытушылардың тәжірибесін әріптестерімен бөлісу және ЖИ құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолданудың практикалық мүмкіндіктерін көрсету. Воркшоп барысында Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Алтынзер Байғанова мен кафедраның аға оқытушысы, магистр Нұршат Наурызова заманауи цифрлық платформалардың оқу үдерісіндегі қолданысын таныстырды. Қатысушылар …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Zhubanov Cup VIII республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

Зияткерлік дода барысында қатысушылар шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін, дәлелді пікір айту және өз ұстанымын сауатты қорғау шеберлігін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Альфа және Бета лигаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Бета лигасының нәтижелері: I орын — «Аттила» фракциясы * Шәкір Азамат * Қалдыбай Рауан II орын — «Аружан балапандары» фракциясы * Рахметқызы Жұлдызай * Жолмуханбетова Нұрай III орын — «Бұйырғаны» фракциясы * Айболат Гүлім * Мырзабай Ақтолқын III орын — …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Ақтөбеде еліміздегі ең ауқымды өңірлік пікірсайыс турнирлерінің бірі басталды

Университетімізде «Zhubanov CUP VIII» республикалық пікірсайыс турнирі басталды. Екі күнге созылатын зияткерлік сайысқа еліміздің 14 облысындағы 19 жоғары оқу орнынан 140-тан астам жас қатысып, 72 фракция бақ сынайды. «Озық ойлы ұлт: құқық, білім және технология» тақырыбындағы турнирде жасанды интеллект, білім беру, технологиялық даму және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған турнир жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік шеберлігін және дәлелді пікірталас мәдениетін дамытуға бағытталған. Турнирдің жалпы жүлде қоры …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Қауіпсіз цифрлық орта – жауапты қоғам кепілі

«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Жұбанов университетінде «Қауіпсіз цифрлық орта – жауапты қоғам кепілі» атты облыстық форум өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, киберқауіптерден сақтану мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз цифрлық ортаны дамытуға ықпал ету. Форумға өңірдің жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиында Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Темірлан Сыдықов, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Жадан Бисенбин, Ақтөбе …

Ары қарай оқу
22/10/2026
Жұбанов университетінің кітапханасы Қытайдың таңдаулы кітаптарымен толықты

Жұбанов университетінде «Жібек жолы кітап үйі — Қытай кітап сөресі» жобасының ашылу рәсімі өтті. Жаңа кітап сөресі Қытайдың тарихы, мәдениеті мен әдебиетін танытатын кітаптарды университеттің білім алушылары мен оқытушыларына қолжетімді етуге бағытталған. Салтанатты іс-шараға Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығының Бас консулы Гуо Юй, SINOPEC компаниясының Ресей және Орталық Азиядағы өкілдігінің бас өкілінің орынбасары Фан Сяннань, Жұбанов университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор м.а. Жайық Сұлтан және университет өкілдері қатысты. …

Ары қарай оқу